20.01.2010, 17:57 3135

Ақпараттық бейнепорталдың журналисін өлтіру оның кәсіби қызметіне байланысты емес - ҚР ІІМ

Ақпараттық бейнепорталдың журналисін өлтіру оның кәсіби қызметіне байланысты емес - ҚР ІІМ

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - "Стан" Ақпараттық бейнепорталының журналисін өлтіру оның кәсіби қызметіне байланысты емес. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазір Алматы қалалық ІІД-де бұл қылмысты әшкерелеу үшін арнаулы жедел топ құрылды. Қазіргі сәтте тергеу бірнеше жорамалды қарастырып отыр, олар жәбірленушінің кәсіби қызметіне байланысты емес", - деді Қ. Жұманов.

"Тергеу қандай сатыда және осы мерзімде қандай ауқымда жұмыстар тындырылғаны жайлы біз тергеу мүддесіне сай әзірге жария ете алмаймыз", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда "Стан" атты ақпараттық бейнепорталдың журналисі өлтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1982 жылы туған журналистің пышақ жарақаттары бар мәйіті ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Жетісу ауданындағы бір үйдегі пәтерден табылған.

"Қазір ІІД-де бұл қылмысты әшкерелеу үшін полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен арнаулы жедел тергеу тобы құрылды", - делінген хабарламада.

"Иділ сөз" қоғамдық бірлестігінің хабарлауынша, журналист Саят Шүлембаевпен қатар ол бір бөлмесін жалдап алған пәтердің қожайыны да өлтірілген.

Тергеудің ресми жорамалы бойынша, кісі өлтіру оқиғасы журналистің кәсіби қызметіне байланысты емес. Бейнепорталдың басшылығы да бұл жорамалды қолдап отыр. 28 жастағы С. Шүлембаев музыкалық-ойын-сауықтық айдарды жүргізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны