17.01.2018, 16:44 6820

Ақпараттық бюллетень: Қазақстан мен АҚШ - XXI ғасырдағы экономикалық әріптестік

Президент Дональд Трамп Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйде қабылдады

Вашингтон қаласы. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 16 қаӊтарда Президент Дональд Трамп Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйде қабылдады. Сапар Қазақстан мен АҚШ арасындағы тығыз коммерциялық және сауда байланыстарын нығайтып, жаӊа жұмыс орындарын ашуға және екі ел экономикасыныӊ өсімін арттыруға мүмкіндік береді. Президент Н.Назарбаев осы шаралар Қазақстанныӊ 2050 жылға қарай әлемніӊ озық дамыған отыз жаһандық экономикасыныӊ қатарына кіруі үшін маӊызды екенін атап өтті. Сапар барысында бірқатар коммерциялық келісім-шарттар мен құжаттарға, оныӊ ішінде "Boeing", "GE Transportation", "Эйр Астана", "Қазақстан теміржолы" және "Скат" компанияларыныӊ 2,5 миллиард АҚШ долларынан астам көлемде америкалық өнімдер мен қызметтерді сатып алу жөніндегі жаӊа келісімдеріне қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.

Осы экономикалық ынтымақтастық мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:

Өӊірлік сауда және экономикалық даму

Үкіметаралық ынтымақтастық. Қазақстан мен АҚШ ДСҰ міндеттемелерін орындау, қазіргі дау-дамайларды шешу, Қазақстанныӊ инвестициялық ахуалын жақсарту және екіжақты инвестицияларды арттыру жөніндегі ынтымақтастықты жалғастырып келеді. Екі ел жақында АҚШ пен Қазақстанныӊ жоғары лауазымды тұлғаларыныӊ сапарларын жеӊілдету арқылы екіжақты байланыстарды нығайтатын аэронавигациялық келісімге қол қойды.

Өӊірлік саудаға жәрдемдесу. Қазақстан мен АҚШ өӊірдегі сауданы кеӊейтуге ықпал ететін Орталық Азиядағы сауда және инвестициялар жөніндегі негізгі келісімніӊ (ТИФА) аясында өзара ынтымақтастығын жалғастырып келеді.

? Қазақстан 2017 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында ТИФА-ныӊ Орталық Азия форматындағы кездесуін ұйымдастырып, сауда-саттық мәселелерінде көшбасшылық танытты. Осы кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ сауда және инновацияларды ілгерілету мақсатымен Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі жаӊа өӊірлік жұмыс тобын құруға уағдаласты.

? 2017 жылғы қазанда Қазақстан АҚШ-тыӊ Халықаралық даму жөніндегі агенттігімен бірлесіп, 15 елден 1100-ден астам ресми өкілдіӊ, кәсіпкерлер мен донорлардыӊ қатысуымен Алматы қаласында жетінші Орталық Азия сауда форумын өткізді. Бұл 25 миллион АҚШ долларынан асатын қаржы көлеміндегі сауда келісімдерін жүргізу ниеті туралы меморандумдарға болашақта қол қою мүмкіндігін туғызды.

Екі жақты сауда. 2016 жылы екіжақты сауда көлемі 1,9 миллиард АҚШ долларына жетті. Екі ел сауда қатынастарын одан әрі кеӊейтуге ықылас танытты. АҚШ Қазақстанныӊ азаматтық авиация туралы екіжақты келісімге қол қою ниетін құптайды. Бұл келісім әуе жолаушыларына қолжетімді, ыӊғайлы және тиімді қызмет ұсына отырып, экономикалық қатынастарды нығайтады және іскерлік байланыстардыӊ өсуіне ықпал ететін болады.

Коммерциялық әуе кемелерімен сауда жасау. Сапар барысында екі көшбасшы АҚШ-та 7,1 мыӊ тікелей және жанама жұмыс орныныӊ ашылуын қолдайтын 1,3 миллиард қаржы көлеміндегі "Boeing" және Қазақстан әуекомпаниялары арасындағы жекелеген келісімдерді мақұлдады. Атап айтқанда, "SCAT" компаниясы "Boeing-737 MAX 8" моделініӊ алты ұшағына тапсырыс берді. Алғашқы ұшақтыӊ жеткізілуі 2018 жылғы наурызға жоспарланған. Бұл әуе кемелері "SCAT" компаниясыныӊ өӊірлік және халықаралық желісін кеӊейте отырып, Қазақстан мен Орталық Азияда меншіктегі және қолданыстағы "737 MAX"-тыӊ тұӊғыш үлгілері болады. Сонымен қатар Қазақстанныӊ "Эйр Астана" ұлттық әуекомпаниясы қолданыстағы келісімшарттыӊ талаптарына сәйкес үш "787 Dreamliner" ұшағын 2021 жылға дейін жеткізу жоспары бойынша сатып алуға ниетті екенін растады.

Теміржолдар. "Дженерал Электрик" (GE) және "Қазақстан теміржолы" (ҚТЖ) компаниялары 3,5 мыӊ жаӊа жұмыс орнын қамтитын, құны шамамен 900 миллион АҚШ долларын құрайтын екі жаӊа стратегиялық бастама жасасты. "Дженерал Электрик Транспортейшн" команиясы "ҚТЖ" үшін 2019 жылдан жеткізіле бастайтын 300 тіркемелі локомотив жасап шығарады. Сондай-ақ, "Дженерал Электрик Транспортейшн" 2018 жылдан бастап "ҚТЖ" компаниясыныӊ қолданысындағы 175 "Дженерал Электрик Эво" локомотивіне қызмет көрсету және қолдау мақсатымен қызметін ұсыну туралы 18-жылдық келісімге қол қойды. Келісім Астанадағы ҚТЖ-ныӊ негізгі теміржол желісін кеӊейтуге арналған.

Ауыл шаруашылығы. АҚШ пен Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы сауда қарым-қатынастарын дамытудыӊ маӊыздылығын мойындайды және ынтымақтастықты, соныӊ ішінде бірлескен ауыл шаруашылығы зерттеулерініӊ аясындағы ынтымақтастықты кеӊейту үшін мүмкіндіктерді қарастыруды жалғастырады. Бірлескен зерттеу жұмысы екі елге қауіпсіз және кеӊ ауқымды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін табысты жұмыс істеуге көмектеседі.

Ауғанстанныӊ дамуы. АҚШ пен Қазақстан саяси қолдау көрсету, өӊірлік сауданы ұлғайту және экономикалық даму арқылы Ауғанстандағы тұрақтылық пен дамуды қолдайды. Қазақстан Ауғанстан азаматтары үшін арнайы оқу бағдарламасыныӊ аяқталғанын жариялады және Қазақстан мекемелерінде осы елдіӊ мамандарын оқытуды жалғастыруды ұсынды.

Цифрлық инфрақұрылым. "GE Digital" және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Қордыӊ индустриялық компаниялар портфелініӊ цифрлық дамуын тездетуге бағытталған стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Келісім Қазақстанда тұрақты цифрлық экожүйені құрудағы компаниялардыӊ жетістігін көрсетеді және "Predix" платформасына негізделген "GE" цифрлық айқындамасын бірлесе бағалауды көздейді.

Ғарышты зерттеудегі көшбасшылық. Құрама Штаттар Қазақстанныӊ Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін америкалық ғарышкерлердіӊ аттандырылып, аман-есен қайта оралатын бекеті болып саналатынын ризашылықпен атап өтеді. АҚШ Қазақстанға 2018 жылғы 3 наурызда Жапониядағы Ғарышты зерттеу мәселелері жөніндегі 2-ші халықаралық форумға қатысуды ұсынады. Қазақстан мен АҚШ Халықаралық хартия аясында қоршаған ортаға және табиғатқа төнген қауіп-қатерлерді анықтау үшін ғарыштық техниканы қолдану саласында ынтымақтасу мүмкіндігін зерттейді. Бұл хартия табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан зардап шеккен елдер үшін ғарыш деректерін қабылдап, таратудыӊ бірыӊғай жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Денсаулық сақтау. АҚШ және Қазақстан АҚШ-тыӊ Ауру түрлерін бақылау және алдын алу орталықтарымен (CDC) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтерді дамытады. Сонымен қатар, Питтсбург университетініӊ Медициналық мектебі (UPMC) Назарбаев Университетімен Қазақстан және бүкіл Орталық Азия азаматтарына қызмет көрсететін әлемдік деӊгейдегі онкологиялық орталық құру жөнінде ынтымақтастық орнатқан.

Фармацевтика. "Pfizer" компаниясы Жоғары технологиялық медициналық өнімніӊ қайталама қаптамасын оқшаулау жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігі жөнінде Қазақстанмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Оӊ шешім қабылданған жағдайда, бұл жоба Қазақстанда д?рі-д?рмектерді тасымалдап, сақтау үшін тізбекті салқындату жүйелерін жетілдіру шараларын қамтуы мүмкін.

Қазақстан және болашақтыӊ энергиясы

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі. Қазақстан "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбы аясында энергетика саласыныӊ инновациядағы көшбасшылығын көрсете отырып, Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізді. ЭКСПО кешендері "Астана" халықаралық қаржы орталығы және Инновациялық технологиялар паркі үшін берілетін болады.

Стратегиялық энергетикалық диалог. 2017 жылы Құрама Штаттар мен Қазақстан бұрынғы екіжақты энергетикалық әріптестікті Стратегиялық энергетикалық диалог деӊгейіне көтерді. Диалог аясындағы практикалық талқылаулар 2018 жылы басталады. Бұл кеӊейтілген формат бейбіт атом өнеркәсібін дамыту, көміртегіні ұстау, сақтау және утилизациялау технологиялары мен энергия тораптарыныӊ тұрақтылығы, сондай-ақ ядролық қауіпсіздік пен қаруды таратпау салаларындағы ынтымақтастықтыӊ негізін қалайды.

Мұнай мен газды экспорттау және инвестициялар. "Шеврон" және "ЭксонМобил" компаниялары Қазақстан нарығына 1993 жылы еніп, жаӊа тәуелсіз елге инвестиция салған алғашқы еӊ ірі мұнай кәсіпорындарына айналды.

? "Шеврон" компаниясы "Теӊіз" ірі кен орнын игеру жөнінде 40 жыл мерзімді қамтитын маӊызды келісімшартқа қол қойды және өткен жылдар ішінде компания мыӊдаған жұмыс орнын ашып, энергетика саласына әлемдік деӊгейдегі технологияларды және алдыӊғы қатарлы тәжірибені енгізді. Сондай-ақ Қазақстандағы мұнай және газ өндірісіне ондаған миллиард АҚШ долларын салды.

? "Шеврон" компаниясы Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрлігімен Қазақстандағы табысты жобаларды қаржыландыру үшін 251 миллион АҚШ доллары көлемінде реинвестициялық қорларды пайдалану жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

? Жалпы 20,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған "ЭксонМобил" компаниясы мұнай мен газды барлаумен, игерумен, өндірумен және тасымалдаумен белсенді түрде айналысады.

? "ТеӊізШеврОйл" АҚ (ТШО) - "ҚазМұнайГаз", "Шеврон", "ЭксонМобил" және "ЛукАрко" компанияларыныӊ қатысуымен ашылған бірлескен кәсіпорын қазақстандық субъектілерге 124 миллиард АҚШ долларынан астам көлемде тікелей қаржылық төлемдер жасады. Бүгінде құны 36,8 миллиард АҚШ доллары көлемін қамтитын өндірісті кеӊейту жөніндегі жобаны іске асырады.

? "Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім" (СКБӨБК) аясындағы жоба Қазақстандағы өӊірлерде жұмыс орындарын және бизнеске мүмкіндіктер ашатын ірі шетелдік инвестициялық жоба болып саналады. "Қашаған" кен орнындағы "1-кезеӊ" жобасын іске асыру құны 55 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал 2004 жылдан бері сатылған тауарлар, жұмыс және қызметтер көлемі 13,3 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады. Жоба ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін болады, ал оныӊ акционерлері, соныӊ ішінде "ЭксонМобил" компаниясы Қазақстан Үкіметіне миллиардтаған АҚШ доллары көлемінде тікелей кіріс кіреді деп жоспарлап отыр.

? "Шеврон" және "ЭксонМобил" компаниялары "Каспий құбыр консорциумына" (КҚК) қатысу арқылы Қазақстан экономикасыныӊ дамуына үлес қосты. 2017 жылы КҚК мұнай құбырын кеӊейту жобасыныӊ Қазақстандағы бөлігін аяқтады. Бұл оныӊ жалпы өткізу қабілетін күніне 1,4 миллион баррельге дейін ұлғайта алады. Құбырлар жүйесі Қазақстан мұнайын "Теӊіз" және "Қашаған" кен орындарынан экспорттаудыӊ еӊ тартымды жолы болып табылады.

Атом энергетикасы. Қазақстан және Құрама Штаттар қауіпсіз атом энергетикасын ілгерілету үшін ынтымақтасуға ниетті.

? 2016 жылы 24 мыӊ тонна ядролық отын өндірген Қазақстан жетекші уран жеткізуші болып саналады.

? 2017 жылы Қазақстан Құрама Штаттармен бірлесе отырып, МАГАТЭ-ніӊ Төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) ашты. ТБУБ таза атом энергиясына көшетін елдер үшін отынныӊ сенімді көзін ұсынады және байыту технологияларыныӊ таралу қаупін азайтады.

Өӊірлік энергетикалық жүйені жаӊғырту. Қазақстан мен Құрама Штаттар Орталық Азияныӊ өӊірлік энергетикалық жүйесін қайта біріктіруге, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға, экономикалық тұрақтылықты жақсартуға және коммерциялық инвестицияларды қолдауға арналған технологиялар мен жобаларды зерделеуге келісті.

"Болашақтыӊ энергиясы" - өӊірдіӊ атмосфераға зиянды заттарды аз көлемде шығаратын, климаттық тұрғыдан орнықты экономикаға өтуіне көмектесетін 2015 жылғы Орталық Азияныӊ бес елі мен Америка Құрама Штаттарыныӊ әріптестігі (С5+1) туралы бірлескен декларация аясындағы өӊірлік шара.

"Болашақтыӊ энергиясы" бағдарламасы Қазақстандағы энергетикалық тиімділікті арттыратын, сондай-ақ парниктік газдарды шығаруды азайтудыӊ биік мақсаттарын белгілеп, оларға жету мүмкіндіктерін жақсарту үшін қайта қалпына келетін энергия саласындағы жобаларды қолдайды.

Адам капиталын нығайту

Визалық бағдарлама. 2015 жылы Қазақстан АҚШ азаматтары үшін визасыз кіру жөніндегі қысқамерзімді бағдарламасына бастамашылық жасады, ал Құрама Штаттар Қазақстан азаматтары үшін 10 жылдық іскерлік және туристік визаларды бере бастады. Бұл визалық режімдер инвестиция және туризм үшін жаӊа мүмкіндіктер ашып, екі ел арасындағы байланыстыӊ артуына ықпал етті.

Саяхаттар. Бүгінде Құрама Штаттарда шамамен 26 мыӊ Қазақстан азаматы тұрады. Ал Қазақстанды 5 мыӊнан астам АҚШ азаматы мекендейді. Өткен жылы Құрама Штаттар Қазақстан азаматтарына 18 мыӊға жуық виза берді, бұл Құрама Штаттарға көп сапар жасауға мүмкіндік туғызды.

Білім беру. Құрама Штаттар Қазақстан Республикасына үштілді қоғам құру үшін көмектесуге дайын екенін білдірді. Құрама Штаттар Қазақстанда ағылшын тіліне қолжетімділікті жақсарту және ағылшын тілі мұғалімдерініӊ жаӊа буынын даярлау мақсатымен даму бағдарламасын ресурстармен қамтамасыз ететін болады. 2017 жылы 2800-ден астам Қазақстан мұғалімдері ағылшын тілінен біліктілігін арттыру жөнінде интернет-семинарларға қатысты.

? 2018 жылы америкалық мұғалімдер Қазақстан өӊірлерінде ағылшын тілін оқытуды жақсартуға көмектесетін болады.

? "Ағылшын тіліне қолжетімділік жөніндегі микростипендия" бағдарламасы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 480 жас шәкіртке мектептен кейінгі сабақтарға қатысуға және жазғы оқу лагерьлерінде білім алуға көмектесті.

? Құрама Штаттар қазақстандық 230 журналистіӊ кәсіби біліктілігін жақсартатын "Журналистерге арналған ағылшын тілі" бағдарламасын қаржыландырады.

"Болашақ" бағдарламасы. 1993 жылы Қазақстан шет елдерде оқу үшін "Болашақ" президенттік стипендиясы бағдарламасын бастады. Қазақ тілінде "келешек" ұғымын білдіретін "Болашақ" бағдарламасы Қазақстан жастарын әлемніӊ еӊ үздік университеттерінде оқытудағы маӊызы зор.

? "Болашақ" бағдарламасы - Қазақстан студенттеріне шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу үшін төленетін бүкіл әлемге мойындалған стипендия.

? Құрама Штаттар стипендиаттарды іріктеу процесінде және осы бағдарламаға атсалысатын АҚШ университеттерініӊ қатарын кеӊейтуге көмектесу үшін "Болашақ" бағдарламасымен ынтымақтастық орнатқан.

? Осы бағдарлама құрылған 1993 жылдан бері 12,5 мыӊнан астам қазақстандық студент "Болашақ" стипендиясына ие болды. Олардыӊ 2315 стипендиаты Құрама Штаттарда білім алды. "Болашақ" стипендиаттары оқуды аяқтаған соӊ кемінде бес жыл Қазақстанда жұмыс істеуге тиіс. Қазіргі таӊда АҚШ-тыӊ жоғары оқу орындарында 358 стипендиат оқиды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны