26.05.2014, 21:22 3849

Ақсай қаласында гемодиализ орталығы ашылды

Бұл орталық жасанды бүйрек аппараты арқылы өмір сүруге мәжбүр болған науқастардың тыныс-тіршілігін жеңілдетіп, сапалы еңбек етуге ықпалдасады.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Ақсай қаласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында гемодиализ орталығының бөлімшесі есігін айқара ашты.

Мекемеде 3 диализдік орын бар. Сонымен қатар, пациенттер уақытты пайдалы өткізсін деген мақсатта партотивтік DVD қондырғылар орнатылды, деп денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.

Енді ашылған орталықта науқастар екі ауысымда, күндізгі уақытта ем алуға қол жеткізіп отыр.

Шараға Батыс Қазақстан облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы, аудан әкімдігінің өкілдері, медицина қоғамы қатысты.

Бұл орталық жасанды бүйрек аппараты арқылы өмір сүруге мәжбүр болған науқастардың тыныс-тіршілігін жеңілдетіп, сапалы еңбек етуге ықпалдасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны