26.02.2008, 18:40 2846

АҚШ Ирактағы коалициялық күштердің құрамында Қазақстандық контингенттің де болуына жоғары баға берді - ҚР Қорғаныс министрлігі

АҚШ Ирактағы коалициялық күштердің құрамында Қазақстандық контингенттің де болуына жоғары баға берді - ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана. 26-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ Ирактағы коалициялық күштердің құрамында Қазақстандық контингенттің де болуына және Қазақстанның Ауғанстандағы халықаралық тұрақтандыру күшіне көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембиновтың АҚШ сапарының қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Вашингтонға сапар аясында АҚШ Орталық қолбасшылығының бас пәтерінде бірқатар кездесулер өтті, атап айтқанда АҚШ сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің тең төрағасы сенатор Р. Лугармен, мемлекеттік хатшының көмекшісі Р. Баучермен, АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Г. Ингландпен, АҚШ штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы адмирал М. Малленмен, АҚШ ЦЕНТКОМ қолбасшысы адмирал У. Фэллонмен, АҚШ құрлықтағы әскер штабының бастығы генерал Дж. Кейсимен және басқалармен кездесу өтті",- деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламысында.

"Кездесуге қатысушылар Қазақстанмен аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды одан әрі дамытудың өте маңызды екендігін атап өтті. Ирактағы коалициялық күштердің құрамында Қазақстандық контингенттің де болуына және Қазақстанның Ауғанстандағы халықаралық тұрақтандыру күшіне көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берілді",- деп айтылған құжатта.

Қорғаныс министрлігінің түсіндіруінше, аталмыш сапардың негізгі мақсаты қорғаныс министрінің орынбасарының коалициялық мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің басқарушы құрамының конференциясына қатысып, АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Пентагонның ресми тұлғаларымен консультация жүргізу болған.

"Конференция барысында Болат Сембинов "Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар" тақырыбында баяндама жасады, сонымен қатар сапар барысында ол Ұлттық қорғаныс университетінің қабырғасында өткен халықаралық қауіпсіздік және терроризммен күрес проблемаларына бағытталған "дөңгелек үстелге" қатысып, Құрлықтағы әскерлер колледжіне барып қайтқан. Ол осы аталмыш мекеменің тыңдаушылары мен оқытушы - профессорлар құрамының алдында "Орта Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері" тақырыбында дәріс оқыды",- деп нақтыланған баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны