06.08.2012, 18:47 2866

АҚШ Қазақстанға радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдауға арналған арнайы техниканы тапсырады - баспасөз баяны

8 тамыз күні Қазақстандағы АҚШ елшісі Кеннет Фэйрфакс радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдауға арналған арнайы техниканы Ұлттық ядролық орталықтың Атомдық энергия орталығына тапсырады, деп хабарлады жұма күні елшілікте.

8 тамыз күні Қазақстандағы АҚШ елшісі Кеннет Фэйрфакс радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдауға арналған арнайы техниканы Ұлттық ядролық орталықтың Атомдық энергия орталығына тапсырады, деп хабарлады жұма күні елшілікте.

Trend мәлімдегендей, радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдауға арналған арнайы техниканы Қазақстандағы Ұлттық ядролық орталыққа беру Нидерланды, Қазақстан Республикасы және АҚШ-тың энергетика министрлігі Ұлттық ядролық қауіпсіздік әкімшілігінің арасындағы әріптестік аясында жүзеге асуда.

"Қауіпсіз тасымалдауға арналған техниканы енгізу және радиоактивті материалдарды физикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің ауқымды жобасы ядролық қаруды таратпау саласында Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы бұрыннан келе жатқан ынтымақтастық тарихы бар жемісті әріптестіктің үлгісі боп табылады", - деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны