11.06.2008, 17:12 2919

АҚШ Қазақстанның әскери-теңіз күштері мен оның инфрақұрылымын салуға қатысуға дайын (толық нұсқасы)

АҚШ Қазақстанның әскери-теңіз күштері мен оның инфрақұрылымын салуға қатысуға дайын (толық нұсқасы)

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ Қазақстанның әскери-теңіз күштері мен оның инфрақұрылымын салуға қатысуға дайын. Бұл туралы бүгін АҚШ әскери-теңіз күштері орталық қолбасшылығының қолбасшысы, вице-адмирал Кевин Косгрифф журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз ондай көмек көрсетуге дайынбыз. Ал біздің қатысу процедурамыз елшілік, дипломатиялық миссия арқылы және әріқарай Вашингтондағы тиісті құрылымдар арқылы дәйектеледі. Қазақстан жағы өзінің әскери-теңіз күштерінің ауқымы қандай болады, флоттың ролі мен параметрлері қандай болатындығын айқындаған соң біз тиісті қолдау көрсете аламыз", -деді ол.

К. Косгриффтің айтуынша, "егер Қазақстан үкіметі мүлдем жаңа әскери кеме жасап шығаруға ниет білдірсе, онда АҚШ компаниялары ондай байқауға қатысуға қызығушылық танытады". АҚШ әскери-теңіз күштерінің өкілі Құрама Штаттары Қазақстанға өз иелігіндегі кемелер мен жабдықтарды бере алатынын жеткізді. "Бірақ, дегенмен, Қазақстан мейлі кемені жасап шығарсын, мейлі Еуропа, Ресей мен АҚШ-тан импорттау арқылы оларды жабдықтасын, кез-келген жағдайда АҚШ-тың флоты Қазақстанның әскери-теңіз флотын дамытуға пайдасы тиетіндей өз тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын", - деді К. Косгрифф.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны