07.05.2008, 10:41 1535

АҚШ Қазақстанның құқық қорғау органдарына есірткі іздестіруге үйретілген қызметтік-іздестіру иттерін табыс етті

АҚШ Қазақстанның құқық қорғау органдарына есірткі іздестіруге үйретілген қызметтік-іздестіру иттерін табыс етті

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Қазақстанның құқық қорғау органдарына Австрияда есірткі іздестіруге үйретілген қызметтік-іздестіру иттерін табыс етті. Бұл туралы осы оқиғаға арналған баспасөз мәслихатында АҚШ-ның еліміздегі елшісі Джон Ордвей мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"АҚШ ҰҚК шекара қызметінің, ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің және ҰҚК әскери институтының өкілдерінің оқу төлемін қаржыландыру, сондай-ақ, Австриядан үш итті - екі Бельгия төбеті мен бір неміс төбетін және олармен жұмыс жасауда қажет құралдарды сатып алу жолымен осы бағдарламаға қатысты", - деді Д. Ордвей.

Бұл ретте ол АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастық бағдарламасы аясында кинологиялық бағытқа аса көп мән беретінін атап көрсетті. "Бұл оқу курсы АҚШ, Австрия мен Қазақстан өкілдерінің ынтымақтастығының жақсы бастамасы болды", - деп атап көрсетті елші.

Оның пайымдауынша, есірткінің заңсыз айналымы трансұлттық қылмыс. Сондықтан, онымен күрес те трансұлттық болуы тиіс.

"Өз күш-жігерлерін неғұрлым көп елдер біріктіретін болса, біздің бірлескен нәтижелеріміз соғұрлым сәтті шықпақ", - деді АҚШ елшілігінің өкілі.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы Австрия елшісі Урсула Фарингер Орта Азиядағы шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету Орта Азиядағы жекелеген елдердің ғана емес, бүкіл өңірдің маңызды міндеті болып табылатынын атап көрсетті.

Қазақстан жағының өкілдері ҚР ҰҚК әскери институтының басшысы Бауыржан Елубаев пен ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің орынбасары Нығметжан Сапаров шетелдік әріптестеріне Қазақстанның кинологтары мен олардың мүлтіксіз "қызметкерлерін" дайындағандары үшін алғыстарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны