17.01.2012, 12:27 3295

АҚШ Қазақстанның жаңа көппартиялық парламентімен ынтымақтастық жасауды көздеп отыр

"Біз Қазақстандағы парламент сайлауын Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) және Еуропа Кеңесінің делегациялары бақылағанын қолдаймыз. Сонымен қатар олардың алдын ала жасаған қорытындыларына сәйкес бір қатар мәселелерге байланысты бұл сайлау Қазақстан міндеттенген халықаралық стандарттарға толық көлемде сәйкес келмегендігін атап көрсетеміз", - делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің бүгін таратқан хабарламасанда.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - АҚШ Қазақстанның жаңа көппартиялық парламентімен ынтымақтастық жасауды көздеп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Біз Қазақстандағы парламент сайлауын Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) және Еуропа Кеңесінің делегациялары бақылағанын қолдаймыз. Сонымен қатар олардың алдын ала жасаған қорытындыларына сәйкес бір қатар мәселелерге байланысты бұл сайлау Қазақстан міндеттенген халықаралық стандарттарға толық көлемде сәйкес келмегендігін атап көрсетеміз", - делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің бүгін таратқан хабарламасанда.

"Біз жаңа көппартиялы парламентпен ынтымақтастықты көздейміз, сонымен қатар, біз үкіметпен және Қазақстан халқымен кең ауқымдағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыруды одан әрі жалғастыра түсеміз", - деп атап көрсетілген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны