11.06.2008, 16:02 1334

АҚШ Парсы шығанағы мен маңайындағы аудандардағы өзінің әскери құрылымдарын алдағы онжылдықтарда да сақтауды көздеп отыр

АҚШ Парсы шығанағы мен маңайындағы аудандардағы өзінің әскери құрылымдарын алдағы онжылдықтарда да сақтауды көздеп отыр

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ Парсы шығанағы мен маңайындағы аудандардағы өзінің әскери құрылымдарын алдағы онжылдықтарда да сақтауды көздеп отыр. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында АҚШ Искери теңіз күштерінің Орталық қолбасшылығының қолбасшысы вице-адмирал Кевин Косгрифф мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"АҚШ Искери-теңіз күштерінің Орталық қолбасшылығы Парсы шығанағы аймағында соңғы 60 жылда үздіксіз болып келе жатыр. Біз достарымыздың арқасында алдағы онжылдықтарда да өзіміздің осындағы күшімізді сақтауға үміттіміз. Осы өңірде алған кейбір сабақтарымыз, осы саладағы біздің тәжірибеміз Қазақстанның әскери-теңіз күштеріне үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін", - деді К. Косгрифф.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны