02.04.2015, 16:11 3810

АҚШ пен Ұлыбританияныӊ әскери қызметшілері қатысатын "Дала қыраны-2015" оқу жаттығуыныӊ бірінші кезеӊі ертеӊ басталады

Қазақстанда "Дала қыраны - 2015" бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізуге белсенді даярлық кезеӊі басталып кетті. Ертеӊ Алматы облысындағы "Іле" полигонына АҚШ пен Ұлыбритания әскери қызметшілерініӊ алдыӊғы топтары келе бастайды

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Дала қыраны - 2015" бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізуге белсенді даярлық кезеӊі басталып кетті. Ертеӊ Алматы облысындағы "Іле" полигонына АҚШ пен Ұлыбритания әскери қызметшілерініӊ алдыӊғы топтары келе бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Дала қыраны - 2015" оқу-жаттығуы екі кезеӊде - ағымдағы жылдыӊ сәуір және маусым айларында өткізілетін болады. Бірінші кезеӊ барысында Ұлыбритания әскери қызметшілері Қазбат 1 бөлімшесімен роталық деӊгейде бейбітшілікті және халықаралық үйлесімділікті қолдау бойынша іс-қимылды орындау мүмкіндіктерін арттыру үшін тактикалық жаттығулар өткізбек. Оқу-жаттығудыӊ бірінші аптасында бөлімше тактикалық міндеттерді орындауды үйренетін болады, ал екінші аптада еркін тактикалық жағдайға сәйкес далалық оқу-жаттығу өткізіледі.

Сонымен бірге АҚШ өкілдері Қазбат және Қазбриг штабтарын әскери шешім қабылдау ресімдерін оқытып, жетілдіретін болады. Бірінші аптада Қазбриг жоғарғы басшылықтан ІІ кезеӊге жауынгерлік өкім алып, әскери шешім қабылдау үдерісін жүргізеді. Екінші аптада Қазбат 1 мен 2 Қазбригтен алынған жауынгерлік өкім негізінде әскери шешім қабылдау үдерісін жүргізеді.

Естеріӊізге сала кетсек, іс-шараныӊ басты мақсаты Қазақстандық бітімгершілік бригадасы штабы мен Қазақстандық бітімгерлік батальонныӊ БҰҰ бітімгершілік операцияларын жүргізу барысындағы практикалық дағдысын, сондай-ақ қарсылас тараптар арасындағы жанжал жағдайында бітімгершілік іс-қимылдарды орындау кезінде бөлімшелердіӊ жауынгерлік үйлесімділігін арттыру болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны