12.05.2009, 18:06 2685

АҚШ Ұлттық әскери колледжінің тыңдаушылары Қорғаныс министрлігінде болды

АҚШ Ұлттық әскери колледжінің тыңдаушылары Қорғаныс министрлігінде болды

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қорғаныс министрлігінде Орталық-Азия аймағының саяси, әскери және экономикалық дамуымен танысу мақсатымен Қазақстанға келген АҚШ Ұлттық әскери колледжінің тыңдаушыларынан тұратын делегация болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, меймандар министрліктегі Искери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Дәурен Кенжебаевпен кездесті. Ол 2007 жылғы наурызда қабылданған Қазақстанның жаңа Искери доктринасында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы болып табылатын халықаралық әскери ынтымақтастық мәселесіне ерекше мән берілгенін атап өтті.

Аймақтағы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне сай Қарулы Күштерді техникалық жаңғырту, әскери технологиялар трансферті, мамандар даярлау мен әскери инфрақұрылымды дамытудағы АҚШ-пен ынтымақтастық - доктринаның басым бағыттарының бірі болып табылады.

Искери саладағы ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ Қорғаныс министрліктері арасындағы Бесжылдық жоспарға және оны іске асыру жөніндегі тиісті меморандум негізінде жүзеге асырылуда. 2008-2012 жылдарға арналған бұл құжатқа 2008 жылғы 1 ақпанда қол қойылды.

АҚШ Ұлттық Искери колледжі өкілдерімен кездесудің соңы Қазақстан Қарулы Күштерін трансформациялау және екі ел армияларының ынтымақтастығы мәселелеріне арналған брифингке ұласты. Онда қазақстандық офицерлер қонақтарға төл әскеріміздегі қайта құрулар мен өзара іс-қимылдардың болашағы туралы мәліметтерді ағылшын тілінде жеткізді, делінген хабарламада.

Делегация басшысы, АҚШ Құрлық әскерлерінің өкілі подполковник Ральф Эриксон колледж тыңдаушылары оқу шеңберінде өздерінің зерттеу аймақтарының саяси, әскери және экономикалық дамуымен тәжірибе түрінде танысатынын атап өтті. Сол себепті де, олар үшін осындай кездесулер өте маңызды. Бұл әскери оқу орнының тыңдаушыларын тек Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері құрамайды. Олардың қатарында АҚШ мемлекеттік департаменті мен Ақ үй өкілдері де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны