17.04.2017, 18:29 5641

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев IT-компанияларды ел экономикасына инвестиция салуға және жаӊа технологияларды енгізуге шақырды

ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев 11-14 сәуірде жұмыс сапарымен Америка Құрама Штаттарына барды, мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардыӊ өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасыныӊ үшінші жаӊғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев 11-14 сәуірде жұмыс сапарымен Америка Құрама Штаттарына барды, мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардыӊ өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасыныӊ үшінші жаӊғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Chevron", "Citigroup", "Bloomberg", "WRBerkley Group", "GE Transportation", "OSI Systems", "Pfizer", "Cisco", "Robomatter Inc.", "IBMWatson" орталығы, "Autodesk", "Tesla Motors", "Bridge West Group", "Learn Capital", "SoundHound", "Uber", "DFJ", "Silicon Valley Innovation Center", "Plug and Play Tech Center", "Google", "Jabil" және "Microsoft" өкілдерімен кездесті.

ІТ-технологиялар, машина жасау, энергетика, тау-кен, химия, тамақ және өӊдеу өнеркәсібі, телекоммуникациялар, болашақтыӊ көлігі, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау және өмір сапасын жақсарту салаларында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланады.

Қазақстан Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтыӊ кестесіндегі алғашқы кездесулердіӊ бірі АҚШ-тыӊ аса ірі қаржы институттарыныӊ - "Citigroup", "Mastercard", "Berkley", "MorganStanley", "Black Rock", "Goldman Sachs", MoodyИs, Standard&PoorИs және Fitch әлемдік рейтингтік агенттіктерініӊ, сондай-ақ Greylock Capital, American International Group, Guggenheim International, Alliance Bernstein, Public Capital Advisors, Business Council ofInternational Understanding компанияларыныӊ өкілдерімен жүздесуі болды. Илемдік экономиканы және Қазақстанныӊ экономикалық саясатын дамытудыӊ өзекті мәселелері, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру, инвестициялар тарту, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру және активтерді басқару мүмкіндіктері талқыланды.

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Нью-Йорктіӊ экс-мэрлері Рудольф Джулиани және Майкл Блумбергпен кездесті. Келіссөздер барысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы, сондай-ақ "Астана" Халықаралық қаржы орталығын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, өткізілген кездесулердіӊ маӊызды нәтижесі Астанада "Bloomberg" телеарнасы мен кеӊсесін ашу туралы келісім болды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тыӊ жетекші компанияларымен: "I Scuared Capital", "General Electric", "Grace, Robotti & Company Advisors", "AGCO", "AES", "Black and Veatch", "American Industrial Acquisition Corporation" Қазақстан экономикасына инвестициялар мен жаӊа технологиялар тарту мәселелерін талқылады.

Бұдан өзге, "OSI Systems", "Pfizer" және "GE Transportation" компанияларымен кездесулер аясында Қазақстанда технологиялық жабдықтар өндірісіне инвестициялар тарту туралы, ал "Rahal Foods" компаниясымен органикалық азық-түлік өндірісін іске қосу туралы келісім жасалды.

Ірі IT-компаниялармен келіссөздер барысында Қазақстан үшін маӊызды бірқатар Меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда "Зерде" АҚ мен "Cisco" компаниясы арасында ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды, оныӊ аясында Cisco Қазақстанда пилоттық жобаларды (мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан көрсетуге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету дүӊгіршектері, Cisco желілік академиясы, "цифрлық кен орны", IoT-желісі, Smart Lighting және т.б.) іске қосуды қаржыландыруға дайын.

ҚР Премьер-Министрініӊ "IBM Watson West" орталығын аралау қорытындысы бойынша "IBM" компаниясы мен "ИТП" ДКҚ арасында Астана қаласындағы стартап-хаб аясында келесі бағыттар: қаржылық технологиялар, "Ақылды қала" бойынша технологиялар және қала құрылысы мен пайдалануды басқаруға арналған технологиялар бойынша қолданбалы зерттеулерге арналған зертхана құру бойынша Меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев "Autodesk" вице-президенті Дэвид Крейнмен кездесті. Тараптар Қазақстанда Autodesk құзырет орталығын құруды талқылады, оныӊ аясында BIM (Building Information Modeling - ғимаратты ақпараттық үлгілеу) саласында цифрлық стандарттар енгізіледі. Компанияны аралау нәтижелері бойынша "Autodesk" пен "ИТП" ДКҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, "Autodesk" компаниясыныӊ қазақстандық құрылыс материалдарыныӊ сапасын анықтау және сертификаттау зертханасын құруға қатысуы қарастырылған.

ҚР Премьер-Министрі "Bridge West Group" Директорлар кеӊесініӊ Төрағасы Маси Таэбимен кездесу өткізді, оныӊ қорытындысы бойынша "Қазақтелеком" АҚ-мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, онда Интернетке қолжетімділік желілерін ауқымды дамыту мақсатында америкалық компанияныӊ жабдықтарын сатып алу бойынша мүмкін ынтымақтастық көзделген.

Содан кейін "Learn Capital" Басқарушы серіктесі Г. Мауромен кездесу өтті, оныӊ қорытындысы бойынша ҚР БҒМ "Ақпараттық-аналитикалық орталық" АҚ-мен "чартерлік мектептер" деп аталатын үлгі бойынша инновациялық білім берудіӊ пилоттық жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Б. Сағынтаев "Sound Hound" компаниясыныӊ төрағасы К. Мохаермен келіссөздер жүргізді, ол ақпараттық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруда Қазақстанныӊ әлеуетті серіктесі болуы мүмкін.

АҚШ-қа жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі "Robomatter Inc." президенті Скип Смитпен кездесті, оныӊ барысында компанияныӊ инновациялық білім беру бағдарламаларын Қазақстанда қолдану мүмкіндігін талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Tesla Motors" кеӊсесін аралап, компания өкілдерімен машина жасау, электромобиль өндірісі, сондай-ақ автокөлікті ұшқышсыз басқаруды енгізу салаларындағы инновациялық технологияларды талқылады. Бұдан өзге, "Tesla Motors" аралау аясында "Қазатомөнрекәсіп" компаниясымен жаӊартылмалы энергия көздері саласындағы мүмкін ынтымақтастық бойынша нақты ұсыныстар тапсырылды.

Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаев "Сhevron" компаниясыныӊ төрағасы Джон Уотсонмен келіссөз өткізді, онда мұнай өнімдерініӊ әлемдік нарығын дамытудыӊ қазіргі жағдайы мен болжамдары, еліміздегі мұнай-газ жобаларындағы ынтымақтастықты кеӊейту мәселелері талқыланды.

Б. Сағынтаев "Uber" кеӊсесіне барып, компанияныӊ жаһандық саясат және экономика жөніндегі басшысы Б. Масиелломен кездесу өткізді. "Uber" - такси немесе жеке жүргізушілерді іздеу, шақыру және ақысын төлеуге арналған мобильдік қосымшаны іске қосқан, Сан-Францискода құрылған америкалық, халықаралық компания. 2016 жылдыӊ мәліметтеріне сәйкес, мобильдік қосымша арқылы қызмет көрсету әлемніӊ 70-тен астам елінде қолжетімді болған.

ҚР Премьер-Министрі стартап-жобаларға қолдау көрсетумен айналысатын ірі "DFJ" компаниясыныӊ кеӊсесіне барып, оныӊ негізін қалаушы Т. Драпермен кездесу өткізді. "DFJ" бірқатар қазақстандық компанияларға қолдау көрсетуге ниетті. "DFJ" компаниясы технологиялар саласындағы даму сатысындағы және бастапқы сатыдағы жобаларға инвестиция құюға бағдарланған. Осындай ірі компанияныӊ қолдау көрсетуі Қазақстанда цифрлық және ақпараттық технологиялар дамитын экономика салаларындағы бизнесті дамыту мен инвесторларды тартудыӊ алаӊына айналатын AIST HUB ІТ-стартаптардыӊ халықаралық технопаркін құру тұрғысынан алғанда өте маӊызды.

ҚР Премьер-Министрі Кремний алқабыныӊ инновациялық орталығыныӊ кеӊсесіне барып, сарапшылар тобымен және орталық президенті А. Куновпен кездесті. Инновациялық орталық Кремний алқабыныӊ көшбастаушы компанияларыныӊ басшылығымен, ірі венчурлік қорлармен және инвесторлармен, табысты кәсіпкерлермен, іскерлік және қоғамдық элита өкілдерімен тығыз байланыста және тағылымдама, шеберлік-сыныптары мен бизнес-турлармен қамтамасыз етеді.

Б. Сағынтаев "Plug and Play Tech Center" компаниясыныӊ басшылығымен және стартаптармен бірқатар кездесулер өткізді. Айта кету керек, "Plug and Play Tech Center" - стартаптарды дамытуға мамандандырылған бизнес-акселератор. Ол 300-ден астам стартаптарды біріктіреді және аталған инкубатордыӊ қорғауындағы компанияларды іріктеуге жүйелі түрде қатысатын 170-тен астам инвестормен серіктес.

Одан кейін ҚР Премьер-Министрі "Jabil" компаниясыныӊ кеӊсесіне барды, ол түрлі салалардағы жаһандық технологиялық корпорацияларға электроникаларды жобалап, әзірлеу бойынша кешендік қызметтер көрсететін әлемдегі еӊ ірі өндірістік компаниялардыӊ бірі. Оныӊ клиенттерініӊ арасында Apple, Facebook, Microsoft, Cisco секілді дүниежүзілік компаниялар да бар.

Компания электронды өнімдерді нарыққа жылдамырақ шығаруға көмек көрсетеді және өнімдердіӊ күллі әлем бойынша жеткізілуін басқарады. Jabil-діӊ жобалау, өндіріс және өнімді жеткізу тізбегін зияткерлік басқару шешімдері машина жасау саласында да қызығушылық тудырады. Осыған ұқсас компаниялармен ынтымақтастық орнату ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ Экономиканы үшінші жаӊғырту бойынша берген тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан үшін үлкен маӊызға ие.

Сан-Францискода Бақытжан Сағынтаев "Google" кеӊсесіне барды, онда компанияныӊ ІТ-саласындағы қазіргі әзірлемелерімен танысты, қызметкерлермен Қазақстанға қажетті жобаларды талқылады. Олардыӊ ішінде: Real Time Speech Translation және Project Loon бағдарламасы бар, оныӊ аясында ерекше әуе шарлары стратосфера биіктігінде тұрып, жердегі тұтынушыларға, әсіресе, алыс шалғайдағы елді мекен халқына интернет жібере алады.

Сондай-ақ, Қазақстан Премьер-Министрі "Microsoft" корпорациясыныӊ ұжымдық вице-президенті Д. Левинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында компанияныӊ бағдарламалық шешімдерін ҚР-ныӊ шағын жинақты мектептеріне енгізу мәселесі талқыланды. Шағын жинақты мектептердіӊ сапасын жақсарту мен ауыл және қала мектептері арасындағы білім беру деӊгейін теӊестіруге тек қана оқытудыӊ заманауи әдістемелерін қолданып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Осыған орай Bilim Book арнайы құрылғысын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, ал компьютер девайсыныӊ өндірісі аталған саладағы әлемдік көшбасшылар Lenovo мен Dell компаниялары арқылы жүзеге асырылады. Барлық бағдарламалық қамтамасыз етумен Microsoft компаниясы айналысады.

Америкалық іскерлік және сарапшылар орталарыныӊ өкілдері Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтыӊ Қазақстанды тұрақты экономикалық өсіммен және жаӊғыртумен қамтамасыз ету жөніндегі, сонымен қатар еліміздіӊ инвестициялық тартымдылығын арттыру мен әртараптандыру туралы саясатын жоғары бағалады.

"Қазақстан әлемдік сын-тегеуріндер мен күрделі мәселелер алдында ешқашан шегіншектемеген. Ел басшылығы дұрыс бағытты ұстанған", - деді Халықаралық өзара түсінушілік жөніндегі Бизнес-Кеӊестіӊ бас директоры Питер Тичански.

"Инвесторлар ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы, 5 институционалдық реформа, "100 нақты қадам" Жоспарына аса бір жігермен қарауда", - деді "American International Group" сақтандыру корпорациясыныӊ бас директоры Ашок Парамесваран.

"Қазақстан үлкен реформалар жүргізуде. Бұл жаӊа шынайылықтағы дұрыс шешім", - деді танымал экономист А. Лаффер.

Өз кезегінде, Нью-Йорк қаласыныӊ экс-мэрі Р. Джулиани еліміздіӊ геосаяси орналасқан жерін ескере отырып, Қазақстанныӊ АҚШ үшін үлкен маӊызға ие екенін айтты.

ҚР Президенті Бақытжан Сағынтаевтыӊ АҚШ-қа жұмыс сапарыныӊ қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі Кремний алқабымен ынтымақтастықты дамытудыӊ арнайы Жол картасын әзірлейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны