04.07.2014, 20:06 2703

АҚШ-та Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтуде

Мәдениет күндері аясында АҚШ-тың ең атақты залдары - Вашингтондағы Кеннеди-центр және Нью-Йорктағы Карнеги-холлда Қазақстан Республикасының өнер шеберлерінің қатысуымен салтанатты концерт өтеді.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Америка Құрама Штаттарында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтуде.

Салтанатты концертте Қазақстанның халық әртісі - Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері - Майра Мұхамедқызы, Жанат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Талғат Мұсабаев, Жәмиля Жарқымбаева, Айгүл Қосанова, Нұрлан Бекмұхамбетов, Нұркен Ишіров, республикалық және халқаралық конкурс лауреаттары - Бейбіт Мұсаев, Еділ Құсайынов, Ардақ Итекеева, Исел Рахымжан, Анар Қабдымананова, Айнагүл Иділова, Айзада Капонова, Нурия Каримбаева, Алуа Маканова, Медет Шотабаев, Айдос Жабагин, Таир Тажигулов, және де Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі, Б.Байкадамов атындағы Қазақ Мемлекеттік капелла хоры өнер көрсетті.

Мәдениет күндері аясында АҚШ-тың ең атақты залдары - Вашингтондағы Кеннеди-центр және Нью-Йорктағы Карнеги-холлда Қазақстан Республикасының өнер шеберлерінің қатысуымен салтанатты концерт өтеді. Кеннеди-центр залында әлемдік деңгейдегі опералар, балеттер және концерттер қойылады, деп мәдениет министрлігінде хабарлады.

Сондай-ақ, Карнеги-холл - классикалық музыка орындалатын әлемдегі ең атақты да беделді алаңдардың бірі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны