12.03.2014, 20:53 5024

АҚШ-тан келген сарапшы қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді талант-менеджментке үйретуде

Семинарға шетелдік сарапшы ретінде АҚШ-нан Джорджтаун университетінің менеджмент бойынша профессоры Эдгар Ноумар шақырылды.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша "Талант-менеджмент. Табысты жоспарлау" тақырыбында семинар басталды.

Мемлекеттік қызмет академиясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, семинарда кадр әлеуетін арттыру бойынша бірегей құралдардың жүйесі, мемлекеттік органдардағы кадрлық әлеуетке байланысты маңызды шешімдер қабылдау бойынша әдістемені жетілдіру, мемлекеттік органдардың стратегиялық міндеттерін қолдаудағы талант-менеджменттің маңыздылығы, мемлекеттік секторда бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мәселелері қаралуда.

Семинарға шетелдік сарапшы ретінде АҚШ-нан Джорджтаун университетінің менеджмент бойынша профессоры Эдгар Ноумар шақырылды.

Семинар лекциялар-презентациялар, топтық пікірталас және кеңес беру сессиялары ретінде өткізілуде, сонымен қатар, семинардың тақырыбы бойынша әлемдік тәжірибелерден мысалдар келтірілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны