07.08.2006, 17:53 3013

АҚШ-тың Ауғанстандағы біріккен күштерінің қолбасшысы елімізде болды

АСТАНА. 7-тамыз. Kazakhstan Today. Өткен аптада АҚШ-тың Ауғанстандағы біріккен күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Карл Айкенберри елімізде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың апта сайын өткізілетін қысқаша баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, "сапар барысында ҚР Қауіпсіздік кеңесінде, сыртқы істер министрлігі мен қорғаныс министрлігінде кездесулер өтіп, олардың барысында Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны