21.12.2009, 16:37 3388

Ақтау қаласында Алматы облысының тұрғындарынан құралған ұры-гостролерлер тобы ұсталды

Ақтау қаласында Алматы облысының тұрғындарынан құралған ұры-гостролерлер тобы ұсталды

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтау қаласында 7 адамнан тұратын ұры-гостролерлер тобы ұсталды, олардың барлығы Алматы облысының тұрғындары екендігі анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алғашқыда криминалдық полиция қызметкерлері қалада пәтерлерді ұрлаумен айналысатын бір топ ұрылардың пайда болғаны туралы жедел ақпарат алған болатын. Содан кейін осы топтың кейбір қатысушылары анықталып, күдіктілерді жасырын түрде бақылауға алу ұйымдастырылды",- деді ІІМ өкілі.

"Олардың төртеуі "Толқын - 1" шағын ауданында ұрлық жасағаннан кейін қылмыс үстінде ұсталды. Олардың көлігінен аңшылық қару мен ұрланған зергерлік бұйымдар тәркіленді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жалға алынған пәтерде қылмыстық топтың тағы да үш қатысушысы ұсталды. Тінту кезінде ұрланған мүлік анықталды",- деді Қ.Жұманов.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Маңғыстау облысында 9 пәтер мен үйді тонағанын мойындап отыр, деп хабарлайды ІІМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны