25.09.2009, 13:08 3163

Ақтау қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің 27-ші мәжілісі өтті

Ақтау қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің 27-ші мәжілісі өтті

Астана. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтау қаласында 2009 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің 27-ші мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжіліс жұмысын Қазақстан Республикасы ҰҚК басшысы генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев ашты.

Форумға қатысушылар өзара сенім білдіру жағдайында басым бағыттар - терроризм мен экстремизиге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі саудасына қарсы күреспен қатар қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтердің қазіргі заманғы қатерлерге қарсы тұру бойынша ақпараттық және практикалық өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттырудың кең ауқымды өзекті мәселелерін талқылады. Оларды іске асыру жөнінде тиісті шешімдер мен нақты шаралар әзірленді.

Мәжілісте күн тәртібінің 20-дан астам маңызды мәселелері, соның ішінде арнайы қызметтердің терроризмге және экстремизмнің өзге де күш көрсету көріністеріне ақпараттық қарсы тұру саласындағы Ынтымақтастық тұжырымдамасының жаңа редакциясы шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Терроризмге қарсы орталығының қызметін жетілдіру бойынша, сондай-ақ Кеңестің бірқатар мемлекетаралық бағдарламаларды орындау барысы туралы қаралды.

Мәжіліске Изербайжан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік министрлігі, Армения Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық қауіпсіздік қызметі, Белорусь Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті,

Молдова Республикасы Ақпарат және қауіпсіздік қызметі, Ресей Федерациясы Федеральдық қауіпсіздік қызметі, Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті, Украина қауіпсіздік қызметі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығы, ТМД Атқару комитеті секілді арнайы қызметтердің басшылары мен делегация мүшелері қатысты.

Кеңес мәжілісінің жұмысына бақылаушылар ретінде мына ұйымдардың өкілдері қатысты: Ресей Федерациясы Сыртқы барлау қызметі, Түрікменстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік министрлігі, Өзбекстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметі және Испания, Италия, Францияның құзіретті органдары.

Анықтама: ҚОБК 1997 жылғы 27 наурызда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен құрылды. Осы шешіммен оның ережесі бекітілді.

ҚОБК-тың негізгі міндеті халықаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында және арнайы қызметтердің басқа да келісілген салаларында тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.

Өзі қызмет еткен кезең ішінде Кеңес 26 мәжіліс өткізді, ТМД кеңістігінде өзара іс-қимыл, ақпараттармен алмасу, ұлттық және ұжымдық қауіпсіздікті бірлесіп қамтамасыз етудің ұсынымдары мен ұсыныстарын әзірлеу туралы 70-тен астам құжат жобаларын дайындап қарады.

Кеңес халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл саласында бірқатар өте маңызды құжаттар әзірледі. Кеңес шеңберінде арнайы қызметтер іс-қимылының бағыттары жөніндегі комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылды.

Кеңестің басшысы - Бортников Александр Васильевич, Ресей Федерациясы ФҚҚ директоры, армия генералы.

Жиынға қатысушылар халықаралық лаңкестікке, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі саудасына қарсы күрес сияқты бүгінгі таңдағы аса қауіпті қатерлерге қарсы тұру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кеңестің 2010 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Кеңес отырысына ЕуроОдақтың белді қауіпсіздік қызметтері басшылары бақылаушы ретінде алғаш рет шақырылып отыр. Кеңес мүшелері мен бақылаушылар халықтың тыныштығы үшін құрбан болғандарды еске алу мақсатында "Мәңгілік алау" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ТМД аумағындағы халықаралық қауіпсіздік мәселесі достастыққа мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшыларының отырысында кеңінен талқыланды. Онда бүгінгі таңдағы мемлекеттерге төнген қатерлерге қарсы тұру үшін өзара ақпараттық-тәжірибелік іс-қимылдардың тиімділігін арттыру жолдары қаралды. Осы орайда арнайы қызмет басшылары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Жиынға қатысушылар сонымен қатар "2008-2010 жылдарға арналған қылмысқа қарсы күрестің бірлескен шараларының орындалу барысын талқылады. Кеңес халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл саласында бірқатар өте маңызды құжаттар әзірледі. Жиын барысында кеңес мүшелері ынтымақтаса әрекет ету туралы бірқатар келісім-шарттарға қол қойысты. Қауіпсіздік қызмет басшылары халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде ортақ саясат ұстануға және лаңкестік, есірткі бизнесіне қатысты ақпараттарды тұрақты алмасып тұруға келісті. Сондай-ақ, келісімге сәйкес ТМД елдері қауіпсіздік қызметтері құпия ақпараттарды сақтауға міндеттелді. "ТМД-ға мүше мемлекеттер лаңкестікке қарсы күрес орталығының жұмыстарын жетілдіруге бағытталған" бірқатар мәселелерді қарастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны