10.07.2015, 16:10 4021

Ақтау, Жаӊаөзен қалаларыныӊ жаӊа әкімдері тағайындалды

Бүгін Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаевтыӊ өкімімен Ақтау, Жаӊаөзен қалаларыныӊ және Мұнайлы ауданыныӊ жаӊа әкімдері тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаевтыӊ өкімімен Ақтау, Жаӊаөзен қалаларыныӊ және Мұнайлы ауданыныӊ жаӊа әкімдері тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы Икімшілік Президенті мен Ақтау қалалық мәслихат депутаттарыныӊ келісіміне және Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаевтыӊ өкіміне сәйкес Ақтау қаласыныӊ әкімі болып Трұмов Серікбай Өтелгенұлы тағайындалды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Трұмов Серікбай Өтелгенұлы 1964 жылы 3 маусым күні туылған.

Жоғары білімді. 1992 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған.

Жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс тәжірибесі мол.

Соӊғы үш жылда Маӊғыстау облысы Жаӊаөзен қаласыныӊ әкімі қызметінде болды.

***

Қазақстан Республикасы Икімшілік Президенті мен Жаӊаөзен қалалық мәслихат депутаттарыныӊ келісіміне және Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаевтыӊ өкіміне сәйкес Жаӊаөзен қаласыныӊ әкімі болып Ибілов Елубай Жақайұлы тағайындалды.

Ибілов Елубай Жақайұлы 1962 жылдыӊ 19 тамызы күні дүниеге келген.

Жоғары білімді. 1985 жылы М.И. Калинин атындағы Түркмен ауылшаруашылық институтын жеміс-көкөніс пен жүзім өсіру мамандығы бойынша аяқтаған.

Жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс тәжірибесі мол.

Соӊғы қызметі - Мұнайлы ауданыныӊ әкімі.

***

Қазақстан Республикасы Икімшілік Президенті мен Мұнайлы аудандық мәслихат депутаттарыныӊ келісіміне және Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаевтыӊ өкіміне сәйкес Мұнайлы ауданыныӊ әкімі болып Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы тағайындалды.

Жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс тәжірибесі мол.

Соӊғы қызметі - Мұнайлы ауданы әкімініӊ орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны