05.12.2013, 22:47 4694

Ақтауда Искери-теңіз күштерінің "Орал" ракетаартиллериялық кемесінде тұңғыш рет әскери-теңіз жалауы көтерілді

Отандық "Зенит" кеме жасау зауытында құрастырылған су ығыстырғыштығы 250 тоннаға жуық "Орал" жауынгерлік кемесі сәуір айында суға түсірілген болатын. Кеме ракета-артиллериялық қару-жарақпен, қазіргі заманғы байланыс құралдарымен, навигациялық және штурмандық қару-жарақпен жарақтандырылған.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. Ақтауда Қазақстан Қарулы Күштері Искери-теңіз күштерінің "Орал" ракета-артиллериялық кемесінде тұңғыш рет әскери-теңіз жалауы көтерілді.

Бұл сынақтардың аяқталып, аталған кеменің Қазақстан Қарулы Күштері Искери теңіз күштерінің құрамына қабылданғанын айғақтайды.

Салтанатты іс-шарада кеме капитанына жауынгерлік туды ҚР ҚК Искери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, отандық "Зенит" кеме жасау зауытында құрастырылған су ығыстырғыштығы 250 тоннаға жуық "Орал" жауынгерлік кемесі сәуір айында суға түсірілген болатын. Кеме ракета-артиллериялық қару-жарақпен, қазіргі заманғы байланыс құралдарымен, навигациялық және штурмандық қару-жарақпен жарақтандырылған.

Кеме экипажы оны құрылысы басталғаннан бері зерделеуге кірісті.

Қазіргі уақытта олар жауынгерлік кемені басқарудың барлық қыр-сырын меңгерген.

"Бұл Искери-теңіз күштерінің құрамына қабылданған екінші ракета-артиллериялық кеме. Сынақтар "Шағала-2013" оқу-жаттығуы барысында табысты өтті. Мен "Оралдың" Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге лайықты үлес қосатынына сенімдімін", - деп контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны