25.05.2009, 14:09 1323

Ақтауда қамауға алынған екі адамнан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Ақтауда қамауға алынған екі адамнан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақтауда қамауға алынған екі адамнан қару-жарақ арсеналы тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"19 мамырда Маңғыстау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері Ақтау қаласының шетінде екі тұрғынды ұстады, олардан оқтаулы Макаров тапаншасы, АКМ автоматына арнап дыбыс тұншықтырғыш жасау және құрастыру схемасы мен тұншықтырғыш бөлшектері табылды", - деді Қ. Жұманов.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "ұсталғандардың біріне тиесілі "Мицубиси Паджеро" көлігінен екі оқ салғышы бар АК-74 автоматы, 7,62 миллиметрлік калибрлі 60 оқ, 12-ші және 9-шы калибрлі оқтары бар винчестер табылған".

"Олардың тұрғылықты жерлеріндегі тінту барысында екі аңшы мылтығы, 12-ші калибрлі 100 оқ, электрошокер, дыбыссыз атыс ұйымдастыруға арналған цилиндр тесіктерді жасау және өңдеу кестелері мен схемалары бар қағаздар табылған", - деді Қ. Жұманов.

"Қару-жарақты заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қарудың жасалған және сатылған жерін анықтау бағытында іс-шаралар жүргізілуде", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны