14.12.2009, 15:13 3056

Ақтөбе қаласында басқа елдердің аумағынан ұрланған бағалы автомобильдердің контрабандасы фактісі бойынша 48 қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе қаласында басқа елдердің аумағынан ұрланған бағалы автомобильдердің контрабандасы фактісі бойынша 48 қылмыстық іс қозғалды

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаласында басқа елдердің аумағынан ұрланған бағалы автомобильдердің контрабандасы фактісі бойынша 48 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ақтөбе қаласының 46 жастағы тұрғыны жасаған экономикалық контрабанда фактісі анықталды, ол Ресей Федерациясы тарапынан іздестірудегі "Тойота Ланд Крузер-200" автомашинасын қолдан жасалған құжаттармен кедендік шекара арқылы өткізген",- деді ол.

"Естеріңізше сала кетейін, бұл басқа елдердің аумағынан ұрланған бағалы автомобильдердің контрабандасы фактісі бойынша полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қозғаған 48-інші қылмыстық іс болып табылады",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 39 машинаның тұрған жері анықталып, оның ішінде 21 автомобиль еліміздің әр өңірінен тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны