27.05.2010, 14:22 1915

Ақтөбе қаржы полициясы бір мемлекеттік мекеменің басшысын қылмыс үстінде қолға түсірді

Ақтөбе қаржы полициясы бір мемлекеттік мекеменің басшысын қылмыс үстінде қолға түсірді

Ақтөбе. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен бір мемлекеттік мекеменің басшысының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 5-тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ақтөбе облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Инуар Добрашевтің бүгін өткен брифингте берген түсініктемесіне сәйкес, "жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында 2010 жылдың 24 мамырында шенеунік өзінің жұмыс бөлмесінде бір жергілікті фирма жетекшісінің орынбасарынан ағымдағы жылдың маусым айына межеленген жоспарлы тексеру кезінде оң шешім қабылдау және бұл кәсіпорынның қызметіне бұдан былай араласпау үшін 3 млн теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түскен".

Қазіргі жағдаймен Ақтөбе қалалық №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 150-ші бабындағы тәртіпке сай күдіктіні қамауға алуға санкция берді. Қылмыстық іс бойынша Ақтөбе облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті алдын-ала тергеу жүргізуде, деп хабарлайды қаржы полициясы.

Ал БАҚ-тардың хабарлауынша, ұсталған - Тобыл-Торғай экологиялық департаментінің төрағасы болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны