08.09.2009, 16:16 2986

Ақтөбе қаржы полициясы бірқатар шенеуніктердің үстінен пара алу дерегі бойынша қылмыстық істер қозғады

Ақтөбе қаржы полициясы бірқатар шенеуніктердің үстінен пара алу дерегі бойынша қылмыстық істер қозғады

Ақтөбе. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаржы полициясы бірқатар шенеуніктердің үстінен пара алу дерегі бойынша қылмыстық істер қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақтөбе облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, атап айтсақ, аудан әкімінің орынбасары, аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы мен аудандық сәулет бөлімінің бастығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу мәліметінше, олар жер комиссиясының мүшесі бола тұра, наубайхананы орналастыруға жер телімін бөлу жөнінде комиссияның шешімін шығару және жер телімін таңдау және келісу жөніндегі актіге қол қою үшін бір азаматтан әрқайсысы 15 мың теңгеден пара алған.

Сондай-ақ, облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің ақпаратына сәйкес, ауылдық округ әкімінің үстінен де ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол да осы азаматтан жер телімін беру жөніндегі қаулыға қол қою үшін 280 мың теңге көлеміне пара алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны