14.03.2008, 13:34 3147

Ақтөбе көлік полициясы заңсыз сақталған 144 литр күкірт қышқылын тауып алды

Ақтөбе көлік полициясы заңсыз сақталған 144 литр күкірт қышқылын тауып алды

Ақтөбе. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе көлік полициясы "Допинг" атты жедел алдын алу шарасының барысында 144 литр күкірт қышқылын заңсыз сақтау дерегінің бетін ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі көліктегі Батыс ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы мекеменің баспасөз хатшысы Эльвира Шалқошқарованың хабарлауынша, үш пластмасса цистернаға құйылған улы зат "Ақжайық" станциясындағы арнайы жабдықталмаған қойма ғимаратында сақталған.

Күкірт қышқылына ілеспе құжаттар болмаған, соған байланысты 144 литр күкірт қышқылы тәркіленді.

Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны