21.09.2016, 16:45 3810

Ақтөбе облысы мен Канада арасындағы тауар айналымы 2,6 млн. долларды құрады

Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаев Канаданыӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Перри Стайлмен өзара тиімді ынтымақтастықтыӊ келешегін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Ақтөбе. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаев Канаданыӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Перри Стайлмен өзара тиімді ынтымақтастықтыӊ келешегін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

2015 жылы өӊірдіӊ Канадамен тауар айналымы 2,6 млн. долларды құрады. Олардыӊ негізін сырттан әкелетін ауылшаруашылық және орман шаруашылығы машиналары, қыздырылған резеӊкеден жасалған бұйымдар құрайды. Облыстыӊ сыртқа шығаратын құрлымына өлшеу және бақылау аспаптары құрал-жабдықтар мен машиналар кіреді.

"Ақтөбе облысы елдіӊ мұнай-газ, хром рудасын, ферроқорытпа және құрылыс материалдарын өндіретін индустриалды дамыған өӊір болып табылады. Облыста хромныӊ барлық отандық қоры, оныӊ ішінде 340 пайдалы қазбалар кен орындарымен қосқанда бірегей минералдық-шикізат базасы бар. Канаданыӊ тау-кен саласы бойынша әлемніӊ көш басында тұрғанын ескере отыра, бізді облысымыздағы пайдалы қазбаларды барлау және өндіру мәселелері бойынша ынтымақтастық қызықтырады", - деді Бердібек Сапарбаев.

Ауылшаруашылығын дамыту - Ақтөбе облысы экономикасыныӊ басым бағыттарыныӊ бірі. Өӊірде сүт және ет өнімдерін беретін ірі қараларды көбейту үшін белсенді жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таӊда ірі қара малдыӊ саны 443,1 мыӊ басқа өсті.

"Біздіӊ мал өсіретін кәсіпорындарымыз канадалық компаниялармен жұмыс жасауда оӊ нәтижеге ие. Біз осы саланы әрі қарай дамытуға ынталымыз. Сіздіӊ елдіӊ бизнес қоғамына ұсынуға дайын нақты жобаларымыз бар. Ресей, Қытай және Орталық Азия нарығына кіруді қамтамасыз ететін тиімді географиялық жағдай - бұл біздіӊ облыстыӊ инвесторларға деген бірден бір басымдығы болып табылады. Бұған қоса, қолайлы инвестициялық климатты орнатуға жағдай жасалуда. "Бір терезе" қағидасы бойынша индустриалдық аймақ салынып, инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Біз салынған қаржыныӊ сақталып, тиімді пайдаланылуына кепілдік береміз", - деді облыс әкімі.

Өӊір басшысы ынтымақтастық жасаудағы тағы бір әлеуетті бағыттардыӊ бірі - білім және ғылым саласы, сонымен қатар жабық хоккей модулініӊ құрылысы, балалар арасында спортты дамыту болып табылатынын атап өтті

Елші өз кезегінде Канаданыӊ келешекте ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

"Ақтөбе облысыныӊ географиялық жағдайы расымен де тиімді. Және біз бұдан үлкен артықшылық көріп тұрмыз. Сонымен қатар, өӊірдіӊ және осы елдіӊ мал шаруашылығын дамытуда алда екенін айта кеткім келеді. Сондай-ақ, біз ірі қара мал етін өӊдеу туралы әӊгіме қозғағанда Бразилияны еске аламыз. Мен Қазақстанныӊ осындай ірі өндірушілер қатарына кіруіне барлық мүмкіндіктері бар екендігіне сенімдімін. Тау-кен өнеркәсібіндегі ынтымақтастық та - өзекті. Келесі жылы мен осы жерге ауылшаруашылығы тау-кен өндірісі және спорт саласындағы канадалық кәсіпкерлерді тартуға ниеттімін", - деді дипломатиялық өкілдіктіӊ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны