01.02.2008, 16:40 2407

Ақтөбе облысында 2007 жылы полицейлердің үстінен 13 қылмыстық іс қозғалған

Ақтөбе облысында 2007 жылы полицейлердің үстінен 13 қылмыстық іс қозғалған

Ақтөбе. 1- ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында өткен жылы полицейлердің үстінен 13 қылмыстық іс қозғалған, оның бесеуі сыбайлас жемқорлық қылмыстары. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысы полициясының іс-қызметіне бақылау қою жөніндегі қоғамдық Кеңес отырысында сөз сөйлеген Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы Демеу Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, оның айтуынша, төрт қылмыстық іс департамент аппаратының қызметкерлерінің үстінен, үшеуі - Сазды бөлімшесінің полицейлерінің үстінен және Ішкі істер департаментінің бес бөлімінің, соның ішінде Байғанин, Хромтау, Шалқар АІІБ бір бір қызметкерлерінің үстінен қозғалған.

"Біз өткен жылы тәртіп комиссияының 24 отырысын өткізіп, 72 полицейге қатысты материалдарды қарастырдық",- деп хабарлады Д. Сапаров.

Оның айтуынша, 14 қызметкер ескерту алып, екеуінің лауазымдары төмендетілген және де жеті адам қызметтен шығарылды. Өткен жылы полицейлердің іс-әрекеттеріне 354 шағым жасалған, оның жартысына жуығы - 47 пайызы құқық қорғау қызметкерлерінің тарапынан жасалған заңсыздықтарға қатысты.

Қоғамдық Кеңес мүшелері қала және облыс тұрғындарымен тек шағымдар жинау үшін ғана емес, Ақтөбе полициясының жұмысын жақсартуға қатысты нақты ұсыныстар жинау үшін көшпелі кездесулер өткізуді шешкен. Сонымен қатар, Ақтөбе мен аудан орталықтарында хаттар мен шағымдар жинау үшін жәшіктер орнату туралы шешім қабылданған.

Ақтөбе облысы полициясының іс-қызметіне бақылау қою жөніндегі қоғамдық Кеңес өткен жылдың екінші жартысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бастамасымен көтерілген. Оның құрамына құқық қорғаушылар, ІІМ ардагерлері, ғалымдар мен журналистер кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны