13.04.2007, 16:42 3063

Ақтөбе облысында 300 килограмнан астам бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз алып өтуге әрекет жасағаны үшін поездың жолсерігі ұсталды

АҚТӨБЕ. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында 300 килограмнан астам бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз алып өтуге әрекет жасағаны үшін поездың жолсерігі ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне көліктегі Батыс ІІД-інен хабарлады.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, дерек Ақтөбе облысындағы Бестамақ станциясында Атырау мен Ақтөбе арасында қатынайтын №691 жолаушылар поезын тексерген кезде анықталған.

"Көлік полициясы пошталы вагонды тексеру барысында сол жерден жалпы салмағы 324 килограмм болатын бекіре тұқымдас балықтарды тапты. Жүктің иесі - осы вагонның жолсерігі, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласының тумасы, Қазпошта қызметкері болып шықты",- дейді полициядағылар. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Департаменттегілердің хабарлауынша, заңсыз жүк тасымалдау дерегі 31-сәуірден бері өткізіліп жатқан "Бекіре-2007" республикалық шұғыл алдын алу шарасының аясында әшкереленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны