09.02.2011, 17:45 3602

Ақтөбе облысында 9 жасар қызды зорламақ болған қылмыскер оны тұншықтырып өлтірген

Ақтөбе облысында 9 жасар қызды зорламақ болған қылмыскер оны тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 - ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында 9 жасар қызды зорламақ болған қылмыскер оны тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Риа Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында 9 жасар қызды өлтірді деген күдікпен ер кісі ұсталған. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

"Ақтөбе облысының Уилск АІІБ кезекші бөлімшесіне екінші сынып оқушысы, 9 жасар қыздың анасы қызының хабар ошарсыз кеткендігі туралы шағымданған", - деп хабарлады Жұманов.

Полиция қызметкерлері, "қыздың сабақ біткеннен кейін мектептен шығып үйіне оралмағандығын" анықтады.

"Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үйлердің бірінің жертөлесінде азаптап өлтіру белгілері бар баланың мәйіті табылды", - деп хабарлады Жұманов.

Арнайы іс-шаралар нәтижесінде, бұрын адам зорлағаны үшін сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті мас күйінде мектептен келе жатқан қыздың ізіне түсіп, алдап үйіне кіргізген, онда зорлауға талпынған кезде жәбірленушіні тұншықтырып өлтіріп, мәйітті жертлеге жасырған", - деп қорытындылады Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны