05.01.2010, 11:12 3387

Ақтөбе облысында ақбөкен аулап жүрген ер адам ұсталды

Ақтөбе облысында ақбөкен аулап жүрген ер адам ұсталды

Ақтөбе. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында ақбөкен аулап жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Рейд шараларының барысында Ырғыз АІІБ қызметкерлері "Ырғыз-Торғай" резерватының аумағында мемлекеттік нөмірі жоқ, 33 жастағы жігіт айдаған "ИЖ-Планета" мотоциклін ұстады, ол Қызылорда облысының Арал ауданы Ақеспе ауылының тұрғыны. Көлікті тексеру барысында мүйіздері кесіп алынған 5 ақбөкен өлексесі, 16 калибрлі аңшы мылтығы, 50 оқ табылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шығын көлемі 1 млн теңгені құрады. Күдіктінің айтуынша, ол 2 ақбөкенді ол атып алған, ал қалған үш өлі ақбөкенді даладан тауып алыпты-мыс. Ақбөкендердің нақты өлген себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 288-ші (заңсыз аң аулау) бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны