03.04.2007, 14:52 3065

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары пара алу үстінде құрықталды

АҚТӨБЕ. 3- сәуір. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында Хромтау ауданы әкімінің орынбасары өзінің жұмыс бөлмесінде пара алу үстінде құрықталды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстың экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменттен.

Қаржы полициясының ақпараттарына сүйенсек, шенеунік жеке кәсіпкерден 100 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, мемлекеттік қызметкер ақшаны кафе салу үшін жер телімін бөлуге көмек көрсету үшін боспалаған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу абақтысына қамалды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабы, 4-тармағының "а" тармақшасы бойынша (боспалаушылық жолымен пара алу) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны