11.09.2009, 10:42 1410

Ақтөбе облысында бюджетке 1,9 млрд теңге көлеміндегі кедендік баж салығын төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында бюджетке 1,9 млрд теңге көлеміндегі кедендік баж салығын төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында бюджетке 1,9 млрд теңге көлеміндегі кедендік баж салығын төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақтөбе облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Актөбе облысы бойынша ЭСЖҚД акционерлік қоғамның басшылығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 214- бабының 2-тармағы, "а" тармақшасы бойынша (Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады.

"Олар бірнеше рет, шикі мұнайды шығару кезінде кедендік режимді заңсыз қолдану жолымен мемлекеттік бюджетке 1,9 млрд теңге көлеміндегі кедендік баж салығын төлеуден әдейі жалтарған",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны