11.05.2007, 20:02 2748

Ақтөбе облысында экономикалық контрабандаға қатысы бар деп айыпталғандардың пайдасына жалған куәгерлік жасаған еркек сотталды

АҚТӨБЕ. 11 - мамыр. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында экономикалық контрабандаға қатысы бар деп айыпталғандардың пайдасына жалған куәгерлік жасаған еркек сотталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінен хабарлады.

Қаржы полициясынан хабарлағандай, Ақтөбе ауданының тұрғыны "өзінің достарына көмек көрсету мақсатында" сотта жалған куәгерлік жасаған. "Берілген мәліметтер экономикалық контрабандаға айыпталып отырған екі адамға қатысты істі шешуде маңызды мәнге ие болған. Олар кеден арқылы 1,3 млн теңгенің тауарын заңсыз әкелген",- деп атап өтті қаржы полициясындағылар.

Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті қызметкерлерінің айтуынша, куәгер өзінің адвокаты арқылы заттай дәлел ретінде қылмыстық істің материалдарына қосуды өтініп, жасанды сатып алу актісін беріп жіберген. Нәтижесінде, іс экономикалық контрабандаға айыпталып отырған адамдардың шартты мерізімге сотталуымен аяқталған.

Жуықта, Айтеке би аудандық соты шынайы шешім қабылдады, онда куәгер өзінің әрекетімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 352-бабының 1-тармағында қарастырылған қылмысты жасағандығы, - сотта куәгердің жалған жауап беруі - айтылған.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментіндегілердің айтуынша, осы тектес іс Ақтөбе қаласының сотында да қаралып жатыр, үш зейнеткер мен жас әйел жалған куәгерлікке айыпталуда.

Атап айтқанда, үш жыл бұрын айыпталушылар Ақтөбе тұрғынының өліміне қатысты деректі белгілеу туралы азаматтық іс бойынша сот талқылауы барысында әйелдің, келешектегі пәтер иесі, "ішімдікке салынғандығын, нашақор екендігін, үйден үнемі кетіп қалатындығын, подъезде өмір сүргендігін, сосын оны ескі ет комбинатының саяжайынан тауып алғандарын" мәлім еткен.

Нәтижесінде ортақ пәтердің "өлген әйелге" тиесілі үлесі оның туған бауырына өткен. Бірақ, экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, азаматтық істі қарау кезінде "өлген әйел" тірі болған - осы уақыт ішінде Алматыда тұрған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны