01.10.2007, 18:56 3169

Ақтөбе облысында ішкі істер органдарының есебіне тұрғызылған жасөспірімдердің саны өсті

Ақтөбе облысында ішкі істер органдарының есебіне тұрғызылған жасөспірімдердің саны өсті


Ақтөбе. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында ішкі істер органдарының есебіне тұрғызылған жасөспірімдердің саны өсіп отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз орталығының инспекторы Ерболат Сарқұлов хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, "Бәрін оқыту" жедел-профилактикалық шаралар жүргізу кезінде 128 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне тұрғызылған. "Сөйтіп, олардың жалпы саны бүгінде 1066 адамды құрап отыр",- деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Е. Сарықұловтың ақпараттарына сүйенсек, акция жүргізу кезінде сабаққа бармаған 77 жасөспірім анықталған, соның ішінде үшеуі, Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, "еш жерде оқымаған және білім беру органдарының тізімінде тіркелмеген". Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, олар 15 – 16 жас аралығындағы оқушылар, олардың бірі мектепке 2003 жылдан бастап бармаған, ал екеуі 2006 жылдан бастап бармаған.

Сонымен қатар, тексеру нәтижесінде көңіл-көтеру орындары мен сауда орындарында кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдік сусындарын заңсыз сатуға қатысты 37 дерек және темекі өнімдерін сатуға қатысты 29 дерек тіркелген. "Аталмыш деректер бойынша әкімшілік іс қозғалды",- деп атап өтті Ішкі істер департаментіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны