14.04.2008, 18:07 3386

Ақтөбе облысында кәмелеттік жасқа толмаған 129 жас жеткіншек профилактикалық тіркеуге алынды

Ақтөбе облысында кәмелеттік жасқа толмаған 129 жас жеткіншек профилактикалық тіркеуге алынды

Ақтөбе. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында сәуірдің 7 - 11 аралығында өткен "Жасөспірім" операцисының нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмаған 129 жас жеткіншек профилактикалық тіркеуге алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облысының ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Департаменттің баспасөз қызметінің инспекторы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, акция барысында 577 жасөспірім полиция бөлімшелеріне әкелінген. Оның 78-і спирттік ішімдіктерді ішкені үшін жеткізілген.

"Сонымен қатар, біз 153 жеткіншекті әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Сабақтан қашып жүрген 9 жасөспірімді анықтадық және 71 ересек адамға қатысты әкімшілік іс қозғадық", - деп хабарлады Е. Сарқұлов.

Атап айтқанда, бала тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндетінен қашқақтап жүрген 55 ересек адамды полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кәмелеттік жасқа толмағандарды мастыққа дейін жеткізген екі ересек адамды ұстады, жасөспірімдерге темекі және алкогольдік өнімдерді сатқан 9 сатушыға айыппұл салды.

Полиция қызметкерлері профилактикалық тіркеуде тұрған 900-ден астам кәмелеттік жасқа толмағандарға кіріп шыққан. Олардың ішінде 49 токсикомен (уытқұмар) мен наркологиялық тіркеуде тұратын 71 жеткіншек бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны