04.05.2009, 16:17 2878

Ақтөбе облысында кәсіпкер әйелді ұрлап ақша бопсалаған күдіктілер қолға түсті

Ақтөбе облысында кәсіпкер әйелді ұрлап ақша бопсалаған күдіктілер қолға түсті

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында кәсіпкер әйелді ұрлап ақша бопсалаған күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің бастығы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сұлтан Күсетовтың айтуынша, Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшелерінің қызметкерлері Атырау облысының екі тұрғынын ұстаған.

"Ақтөбе облысында тұратын кәсіпкер әйелдің үйіне келген әскери киімі бар әлгі адамдар орган қызметкерінің куәлігін көрсетіп, әйелді күштеп үйінен алып шығып, елсіз бір мекенге алып барған.

Онда әлгілер кәсіпкер әйелді қорқыту мақсатында өзіне мола қазғызып, одан соң күйеуінен 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы беруді талап етеді. Ал оған көнбеген жағдайда өлтіреміз деп қорқытқан. Болашақта кәсіпкердің жұмысының өрге басуын "қамтамасыз ететіндігін" айтып, қаржыны сол еңбектері үшін талап еткен", деді С.Күсетов.

Ийелінен ақша алып келу жөнінде хабар жеткен соң кәсіпкердің күйеуі тәртіп сақшыларына хабар берген. "Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша айғақзат ретінде мола қазуда пайдаланылған күрек табылып, қолға түскендер жасаған қылмысы жайлы жауап беруде", деді С.Күсетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны