16.03.2018, 22:37 4064

Ақтөбе облысында Қазақстандағы еӊ ірі химиялық зауыттыӊ орны жойылады

8 миллиард теӊгелік ЖСҚ қазір дайын. Бұл ақша бұрынғы зауыттыӊ 300 га жеріндегі химиялық элементтердіӊ қалдықтарын жоюға көзделген. Негізінен мұнда 730 мыӊ тоннадан астам өндірістік, химиялық қалдық жатыр

Ақтөбе. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Қазақстандағы еӊ ірі химиялық зауыттыӊ орны жойылады. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы Алға ауданыныӊ әкімі Нағымжан Алдияров хабарлады.

"8 миллиард теӊгелік ЖСҚ қазір дайын. Бұл ақша бұрынғы зауыттыӊ 300 га жеріндегі химиялық элементтердіӊ қалдықтарын жоюға көзделген. Негізінен мұнда 730 мыӊ тоннадан астам өндірістік, химиялық қалдық жатыр. Осылайша біз бірнеше проблеманы шешеміз. Мысалы, химия зауыты Алғаға кіретін жерде орналасқан және аудан орталығыныӊ келбетін бұзады. Қазіргі таӊда жобалық-сметалық құжат дайындалып, ҚР Энергетика министрлігінде қаралу үстінде.Одан басқа, жағымсыз иіс мәселесі де шешіледі", - деп толықтырды аудан әкімі.

Аумақты толықтай тазартқаннан кейін бұрынғы химия зауытыныӊ орнында көлік-логистикалық орталық немесе индустриялық аймақ тұрғызылады. Орталықтыӊ орналасқан жері өте қолайлы, қасында теміржол бар және жанынан республикалық маӊыздағы трасса өтеді, деді Н.Алдияров.

Ақтөбе облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны