20.02.2007, 17:32 3064

Ақтөбе облысында кеденшілер 5 млн теңгенің дәрі-дәрмектерінің контрабандасына тосқауыл қойды

АҚТӨБЕ. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында кеденшілер 5 млн теңгенің дәрі-дәрмектерінің контрабандасына тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ақтөбе облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Галина Трофимованың айтуынша, дәрі-дәрмектер Мәскеу-Ташкент бағытында қатынайтын отарбаның бір вагонынан табылған.

"Бұлар негізінен ең өтімді дене қызуын түсіретін және гормонды дәрілерге жатады",- деді Г.Трофимова.

Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің экономикалық контрабанда жөніндегі 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дәрі-дәрмектер табылған вагонның жол серігі контрабандаға қатысы бар күдікті деп танылуда. Алдын-ала тергеуде ол жүкті отарбаны Тимур бекетінде күтіп алатын адамдарға беруге тиіс екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны