25.02.2010, 13:07 1833

Ақтөбе облысында құрылысшыларға жергілікті қылмыстық ортаның серкелері шабуылдаған

Ақтөбе облысында құрылысшыларға жергілікті қылмыстық ортаның серкелері шабуылдаған

Ақтөбе. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының Мартық ауданы Жайсан кентінде ақыл-есі кеміс балаларға арналған №13 Илия Молдағұлова атындағы кәсіптік лицейдің жатақханасын салып жатқан құрылыс фирмасының жұмысшысы полицияға шағымдана келіп, жергілікті үш тұрғынның өзінен қорқыту арқылы ақша мен құрылыс материалдарын беруге бопсалағанын жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 ақпанда Ақтөбе облыстық ІІД-нің кезекші бөліміне құрылыс фирмасының 30 жастағы қызметкері шағымдана келген. Ол 14 ақпанда құрылыс нысанына жергілікті үш тұрғын келіп, одан түрмеде жазасын өтеп жатқан жергілікті қылмыстық ортаның серкесіне көмектесу үшін ақша мен құрылыс материалдарын беруді талап еткенін мәлімдеген. Бопсалаушылар өз талаптарын құрылысшылар тобы олардың жерінде жүргендігімен және жергілікті тұрғындармен бөлісуге тиіс екендігімен түсіндірген. Құрылыс фирмасының жұсмысшысы бас тартқаннан кейін күдіктілер оны соққыға жығып, "ойлануға уақыт берген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша Ақтөбе облыстық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Мартық АІІБ криминалдық полициясы бөлімшесімен бірлесіп, Жайсан ауылында тұратын 47, 26 және 24 жастағы үш тұрғынды ұстады. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "бопсалау" жөніндегі 181-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны