23.10.2008, 15:42 3434

Ақтөбе облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында "ҚҰРЫҚ" жедел алдын алу шарасы өтті

Ақтөбе облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында "ҚҰРЫҚ" жедел алдын алу шарасы өтті

Ақтөбе. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында 13 мен 20 қазан күндері аралығында "ҚҰРЫҚ" жедел алдын алу шарасы өтті. Аталмыш шараның мақсаты - мал ұрлығының алдын алу, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе қаласынан 2 жедел топ құрылып, мал сататын базарлар тексерілді. Осы шара кезінде 179 автокөлік тексеріліп, соның ішінде 86 машина мал және ет тасымалдағаны анықталды. Мұндай жайттар аудандарда жиі кездеседі.

"Мәселен, Ийтеке би ауданының 1967 жылы туған тұрғыны екі ірі қара малды ұрлағандығы және малды өз үйінің ауласына сойып, Ақтөбе қаласына әкеп сатқан. Қазі бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 175-бабына сай іс қозғалып, тергеу жүргізіліп отыр",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны