30.11.2007, 11:07 3267

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары бес жылға бас бостандығынан айрылды

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары бес жылға бас бостандығынан айрылды

Ақтөбе. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары бес жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақтөбе обылысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы шенеунік Мұғалжар ауданының тұрғынынан 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін осындай жазаға тартылып отыр.

Атап айтсақ, осы жазда Қандыағаш қаласының тұрғыны аудан әкіміне өзі тұрып жатқан пәтерді жекешелендіруге рұқсат сұрап, жүгінген.

"Бірақ, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін және тұрғын үй комиссиясының төрағасы болып табылатын аудан әкімінің орынбасары, өтінішті қарағаннан кейін әйелден "оның мәселесін шешуге көмектескені үшін" сыйақы ретінде 200 мың теңге талап еткен. Олай болмаған жағдайда шенеунік оны пәтерінен шығаратындығын айтып, қорқытқан",- деп хабарлады қаржы полициясындағылар.

Бірақ, әйел Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментіне жүгініп, шенеунік қылмыс үстінде ұсталған болатын. Қаржы полицейлері одан белгі қойылған 200 мың теңге тәркіледі. Мұғалжар ауданының соты аудан әкімінің бұрынғы орынбасарын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағында қарастырылған қылмысты (пара алу) жасағаны үшін айыпты деп таныды, деп хабарлады қаржы полициясындағылар .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны