12.03.2008, 10:51 2469

Ақтөбе облысында прокурор ауыстырылды

Ақтөбе облысында прокурор ауыстырылды

Ақтөбе. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында прокурор ауыстырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қадағалау органдарының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, ҚР бас прокурордың бұйрығымен Ақтөбе облысының жаңа прокурорлық қызметіне бұдан бұрын Батыс аймақтық көлік прокуроры болған Берік Асылов тағайындалды. Оған дейін Ақтөбе облысының прокуроры болған Дастан Сартаев Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

"Б. Асылов Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 1964 жылы 28 ақпанда дүниеге келді. Киров атындағы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. Прокуратура органдарында 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол стажер, Алматы қаласының Алатау ауданы прокурорының аға тергеушісі, ҚР Бас прокуратурасының бөлім бастығы, Шымкент қаласының прокуроры, ОҚО прокурорының бірінші орынбасарлық қызметтерін атқарды ", -деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, Б. Асылов әділет министрлігінің аға кеңесшісі сондай-ақ, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Ерен еңбегi үшiн" медальдерімен тарапатталған. Үйленген, төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Жаңа прокурор кеше облыс прокуратурасының ұжымына таныстырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны