19.02.2007, 14:27 2674

Ақтөбе облысында Ресейге нәпақа іздеп аттанған Тәжікстанның заңсыз мигранттарының тобы құрықталды

АҚТӨБЕ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтуге әрекет жасаған Тәжікстанның 59 азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне көліктегі батыс ІІД-нің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз орталығының жетекшісі Эльвира Шалқошқарованың айтуынша, заңсыз мигранттар тобы Ташкент-Уфа бағытында жолаушылар тасымалдайтын отарбамен Орынборға нәпақа іздеп шыққан. "Тексеру кезінде ұсталған Тәжікстан азаматтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге қажетті құжаттары болмай шықты",- деді Э.Шалқошқарова.

Қазірде шетел азаматтарын Қазақстан аумағы арқылы заңсыз заңсыз алып өту шарасын ұйымдастырды деген күдікпен поездың төрт жолсерігі- Өзбекстан азаматтары ұсталды. Тәртіп сақшыларының анықтағанындай, алдын-ала келісім бойынша жолсеріктер әрбір заңсыз мигранттан 500-1000 Ресей рублін алған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар көліктегі батыс ІІД-нің қабылдап-таратқышына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны