01.03.2018, 14:52 4750

Ақтөбе облысында су тасқыны қауіпі бар аймақтарда орналасқан 43 елді мекен анықталды

5-6 наурыз аралығында өтетін "Көктем-2018" Республикалық штабтық-командалық жаттығулар барысында су тасқыныӊ алдын-алу және салдарларын жою бойынша атқарылатын қызметтер үйлестіріледі

Ақтөбе. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында су тасқыны қауіпі бар аймақтарда орналасқан, құтқарушылардыӊ бақылауында тұрған 43 елді мекен анықталды. Бұл аймақта шамамен 12 мыӊнан астам (12 580) адам түрады.

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар құрылды және жұмыс істеп жатыр. "Қазгидромет" РМК және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитет арасындағы бұйрық шеӊберінде 15-19 қаӊтар аралығында және ағымдағы жылдыӊ 12-16 ақпан аралығында, Елек және Қарғалы өзен бассейндеріне тексеру жүргізілді.

Маршруттық тексеру бүгінгі таӊда Елек пен Қарғалы өзендерініӊ жоғарғы жағындағы қар жамылғысыныӊ биіктігі (16-20 см. - қаӊтар, 17-27 см - ақпан) 2017 жылғы кезеӊнен (25-37см) төмен мәнді көрсетті.

"Қар өткен жылы қарағанда бір жарым есе төмен. Бірақ, бұл бізді тыныштандырмайды, себебі қазіргі таӊда жер бедерініӊ үстіӊгі қабатында тоӊ бар. Бұл дегеніміз, кез-келген жағдайда еріген су елді мекендерге барады, мұнда жергілікті атқарушы органдардыӊ, азаматтық қорғаныс бөлімшелерініӊ басты міндеті елді мекендерді зақымданусыз, судыӊ қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету" деп баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар департаменті басшысыныӊ м.а Қайрат Қасым мәлімдеді.

Ол сондай-ақ, қардыӊ көп мөлшері Қарғалы ауданында, су басу қаупі туындауы мүмкін аймақтар қатарында Алға, Хромтау, Ийтеке би, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласыныӊ бірқатар елді мекендері болуы мүмкін екендігіне тоқталды. Қажет болған жағдайда осы аудандарға көмек көрсету үшін еӊ жақсы құтқарушылар жіберіледі. Аймақтыӊ ірі су қоймалары жағдайы туралы

"Қазводхоз" РМК Ақтөбе филиалыныӊ директоры Бекзат Наметов баяндады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе су қоймасында 120 миллион текше метр су бар, және бұл су қоймасыныӊ қабылдау мүмкіндігініӊ 49 пайызын құрайды.

Қарғалы су қоймасында 106 миллион текше метр су бар, бұл су қоймасыныӊ жалпы көлемініӊ 38 пайызын құрайды.

Сазды су қоймасында 2,1 миллион текше метр су бар, бұл су қабылдау мүмкіндігініӊ 28 пайызына сәйкес келеді. Бұлсандаржасандырезервуарлардыӊкөрсеткіштеріқалыптыекенінкөрсетеді.

"Қар еруі барысында Елек өзені арқылы Ақтөбе су қоймасына қосымша 70-130 миллион текше метр су келеді деп күтілуде. Қарғалы су қоймасына 50-110 миллион текше метр. Егер бұл барлық болжамдарымыз жүзеге асатын болса, су қоймаларынан су көлемін төмендетудіӊ қажеті болмайды. Осылайша біздер суды өз қажеттіліктерімізге пайдалана аламыз"- деп көрсетті Бекзат Наметов. Тұрғындарға ертерек қолға алатын шаралар туралы жадынамалар таратылды. Сонымен қатар Жанар-жағар май қоры (102,7 т), инертті материалдардыӊ (13920 т), қанар қаптар (24690 дана) әзірленіп, 190 млн. теӊге көлемінде қаржы құралдары қарастырылды. Сонымен қатар, облыс бюджетінде төтенше жағдай орын алған жағдайда атаулы мақсаттарда 1млрд 657млн 115мыӊ тенге қарастырылды. "Алайда еске салып өтейік жеке тұрғын үй құрылысы мәртебесіне жатқызылмаған үй-жайлар зардап шеккен жағдайда жергілікті билік органдарымен өтемақы төлеу жүргізілмейтіндігін естеріӊізге саламыз. Яғни, саяжайларда құрылыс жүргізетін азаматтар шешім қабылдаса жауапкершілікті өз мойындарына алулары тиіс" - деп Қайрат Қасым қорытындылады. Синоптиктер наурыз айында ауа-райы туралы мәлімдеме жасады. Казгидромет "РМК" Ақтөбе филиалыныӊ директоры Серік Ибраев келесідей болжам жасады: "Наурыз айына ауа-райыныӊ орташа температурасы 0 ден -8градусқа дейін болады, бұл қалыпты мөлшерден 1 градусқа төмен. Ай көлемінде жауын-шашын мөлшері шамадан аз болады".

Ақтөбе қаласыныӊ әскери-мобилизациялық, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар туралы бөлімініӊ басшысы Бекболат Нұрашев Ақтөбе қаласыныӊ су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарына тоқталды. Су тасқынына төтеп беру үшін жоспарлы жұмыстар атқарылып ,қала көлемінде қар шығару, арықтарды тазалау Богославка трассасы аумағында су-ағарлар жасалып, Оӊтүстік-Батыс1 аумағындағы полигонда күшейту шаралары жүзеге асырылғандығы туралы баяндады. Автономды жағдайда қызмет көрсету үшін азық-түлік, су және жанар-жағар майдыӊ 14 тәулікке жететін қоры жасалғандығы туралы баяндалды. Апатты жағдай орын алған жағдайда Ақтөбе облысыныӊ және қаласыныӊ аумағында 87 эвакуациялау бекеттерін жасау мүмкіндіктері туралы баяндалды. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласыныӊ аумағынан және елді мекендерінен 175мыӊ текше метр қар шығарылды. (2017жылы - 473мыӊ текше метр). Су шалудыӊ алдын алу шаралары аясында соӊғы 4 жыл ішінде (2014 жылдан 2017ші жылға дейін) 620 метр қорғаныс дамбы тұрғызылып 2,53 км жөндеуден өткізілді. Су шалу қаупі бар өзендердіӊ 3,8 км арналарыныӊ жағалары бекітіліп, тереӊдіктері үлкейтілді, арнаныӊ 5,6км-і тазартылып, кеӊейтілді, 2,9 км су бұрғыштар тұрғызылды. Халыққа уақытылы көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар Қызметініӊ жеке құрамыныӊ 2177 қызметкерін, 584 апаттық құтқару техникасын, 105 жүзу құралдарын, су сору құралдарын және ЕС-145 тікұшағын пайдалану мүмкіндігі баяндалды. Сонымен қатар, тұрғындарды ақпараттандыру жүйесі және байланыс құралдары тәртіпке келтірілді.

5-6 наурыз аралығында өтетін "Көктем-2018" Республикалық штабтық-командалық жаттығулар барысында су тасқыныӊ алдын-алу және салдарларын жою бойынша атқарылатын қызметтер үйлестіріледі.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны