12.12.2013, 19:16 3364

Ақтөбе облысында ТЖ алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өңірлік орталық ашылды

"Өңірлік орталық Қазақстандағы пилотты жоба болып табылады. Осы жерде ТЖМ-ның Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан келген қызметкерлері өз кәсіби шеберліктерін жетілдіріп, білім деңгейін арттыратын болады", - делінген хабарламада.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Ақтөбе қаласында ҚР ТЖ министрі В.К. Божко мен Ақтөбе облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өңірлік орталықты ашты, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

"Өңірлік орталық Қазақстандағы пилотты жоба болып табылады. Осы жерде ТЖМ-ның Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан келген қызметкерлері өз кәсіби шеберліктерін жетілдіріп, білім деңгейін арттыратын болады", - делінген хабарламада.

Орталықтың жалпы ауданы алты гектар. Орталықта алты оқу сыныбы, 36 жататын орын, алпыс орындық асхана, психологиялық оңалту бөлмесі, тренажер залы, оқытушылар мен әдіскерлер кабинеті бар. Кітапхана қоры жасалған: 73 атаулы арнайы әдебиет бар. Сыныптардың бірінде интерактивті тақта орнатылған, оның көмегі арқылы өртті егжей-тегжейлі талдауға, басшылардың ТЖ-ны жою бойынша іс-әрекеттерін, сондай-ақ жеке құрамның зардап шеккен адамдарға көмек көрсету, оларды медицина қызметкерлеріне табыс еткенге дейін қауіпсіз орынға эвакуациялау кезіндегі іс-әрекеттерін түсіндіруге болады.

Орталықта айына орта есеппен 65-70 қызметкер, жалпы оқу жылында 495 адам оқитын болады.

Орталықта ҚР ТЖМ әртүрлі құрылым қызметкерлерін, оған қоса барлық деңгейдегі құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді, кинологтарды, парамедиктерді оқыту, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің алғашқы даярлығын ұйымдастыру жоспарлануда. Кәсіпорындар мен пайдалы қазбалар кенорындарында практикалық сабақтар өткізу көзделуде.

Оқытудан өткен тыңдаушылардың білім деңгейін тексеру үшін өңірлік орталықта мультимедиялық жабдық кешені бар. Бұдан өзге сабақ өткізу кезінде "Автосаты" мен "Автосорғы" интерактивті тренажерлері, "Драгер", "Ауер" дем алу құрылғылары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны