11.05.2010, 14:25 3181

Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының ардагеріне тонаушылық жасаған екі күдікті ұсталды

Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының ардагеріне тонаушылық жасаған екі күдікті ұсталды

Ақтөбе. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының ардагеріне тонаушылық жасаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе қаласының іргесіндегі Россовхоз кентінде белгісіз екі адам 89 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Максим Иванович Потапенконың үйіне тонаушылық жасаған. Ардагердің 85 жастағы жұбайын соққыға жыққан әлгілер Ұлы Отан соғысына қатысты 14 медаль мен 1 орденді, ауылдық округ әкімі соның алдында ғана Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай жеткізіп берген азық-түлік өнімдерін тонап кеткен.

ІІД хабарламасына сәйкес, бұл қылмысты әшкерелеуге ІІД-нің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Ұсталғандардың бірі - 40 жастағы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тумасы, бұған дейін де басқаның мүлкін тонағаны үшін сотталған. Ақтөбеде ол танысының саяжайында тұрып жатқан. Ұсталғанның айтуынша, тонап алған дүниелердің бәрін сыбайласы екеуі бейтаныс такси жүргізушісіне сатып, тапқан ақшаны ішімдік алып ішуге жұмсап жіберген.

"Қазір олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 178-ші бабы (тонаушылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш жедел тергеу тобы құрылып, олар ұрланған зататрды іздестіріп жатыр. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны