28.07.2008, 17:10 3005

Ақтөбе облысында заңсыз ақбөкен аулады деген күдікпен 4 адам ұсталды

Ақтөбе облысында заңсыз ақбөкен аулады деген күдікпен 4 адам ұсталды

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында "Ырғыз-Торғай" ұлттық табиғи резерваты аумағында 27 шілде күні заңсыз ақбөкен аулады деген күдікпен 4 адам ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Резерват аумағында тексеру шараларын жүргізіп жүрген "Ырғыз-Торғай" ұлттық табиғи резерваты қызметкерлерінің мекеме директоры Н.Сәрсенбайұлы бастаған тобы сағат 11-30 шамасында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Бәйтерек елді мекенінің маңынан күдікті "Land Cruуzer" автокөлігін байқап, тоқтатады. Көлік салонында Қызылорда облысының 4 тұрғыны отырғаны анықталды. Ал, көлікті тексеру барысында резерват қызметкерлері оның ішінен жаңа алынған 62 дана киік мүйізін, 1 килограмм киік етін, 4 пышақты, 4 дана мотоцикл дөңгелегінің камерасын, 2 автокөлік мемлекеттік нөмірін, машина дөңгелегін жаруға арналып жасалған 4 ұшты темір қаданы тапты. Заңға сәйкес сол жерде тиісті құжаттар толтырылып, қазір бұл іс құқық қорғау органдарына жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны