26.01.2009, 14:44 2227

Ақтөбе облысында жалған құжат жасау арқылы ұрланған қымбат бағалы көліктерді сатып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Ақтөбе облысында жалған құжат жасау арқылы ұрланған қымбат бағалы көліктерді сатып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында жалған құжат жасау арқылы ұрланған қымбат бағалы көліктерді сатып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ақтөбе облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бір топ адамдармен келісіп, жалған құжат жасау арқылы Ресей Федеарциясынан, Италиядан, Беларусия, Украина және Балтық жағалауы елдерінен ұрланған қымбат бағалы 8 автокөлікті сатқан азаматты қамауға алды",- деді ол.

Б.Қожахметовтың айтуынша, олар қысқа мерзімде 3 "Лексус", 3 "Хаммер", "Тойота" және "Порше" автокөліктерін сатып үлерген. Қазіргі уақытта қылмыстық сызбаны барынша анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны