25.12.2008, 16:10 3161

Ақтөбе облысында жұмыс істеп жүрген Қытай азаматы сегіз жылға бас бостандығынан айрылды

Ақтөбе облысында жұмыс істеп жүрген Қытай азаматы сегіз жылға бас бостандығынан айрылды

Ақтөбе. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында жұмыс істеп жүрген Қытай Халық Республикасының азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны және лауазым иесіне пара беруге талпыныс жасағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе қалалық №2 сотына сілтеме жасап.

Сотталған "Есфонтан" ЖШС-нің директоры болып табылды. Фирма мұнай және газ кеніштерін шетелдік жұмысшылармен қамтамасыз етумен шұғылданады. Олар жергілікті жерде техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тиіс. ЖШС директоры Ақтөбе облысындағы жұмысқа Қытайдан 8 адамды тартқан. Бірақ олар Қазақстанда еңбек визасымен емес, іскерлік визамен жүрген. Бұл - Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзуға жатады. Шетелдіктер түгелдей супервайзер болған, ал оларда ондай құқығы жоқ.

"Іс Ақтөбе облыстық ІІД-нің көші-қон полициясының қызметкерлері жаздың басында жүргізген тексерулерден кейін қозғалған. Қытай азаматы болып табылатын "Есфонтан" ЖШС директорының айтуынша, компанияның Пекиндегі құрылтайшысы проблеманы қандай жолмен болмасын шешуге нұсқау берген. Өз пайдасына мәселенің оң шешімін табу үшін фирма жетекшісі ҰҚК қызметкеріне пара ұсынған. Ол өз кезегінде өз басшылығына хабар жеткізген. Қытай азаматы $5 мың көлеміндегі ақшаны бергеннен кейін қолға түсті", - деді судья Рауия Құстанова.

Ұсталғанның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 312-бабы бойынша (лауазым иесіне пара беру) қылмыстық іс қозғалды. Сот оған мүлкін тәркілеп, сегіз жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны