28.09.2016, 13:26 3766

Ақтөбе облысыныӊ әкімі Франция, Кувейт және Иранныӊ Қазақстандағы елшілерімен кездесті

Облыс әкімдігі хабарлағандай, дипломатиялық өкілдіктіӊ басшылары Ақтөбеге екі күндік сапармен IV "AKTOBE INVEST 2016" Халықаралық инвестициялық форумына қатысу үшін келді.

Ақтөбе. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаев Франция, Кувейт және Иранныӊ Қазақстандағы елшілерімен кездесті.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, дипломатиялық өкілдіктіӊ басшылары Ақтөбеге екі күндік сапармен IV "AKTOBE INVEST 2016" Халықаралық инвестициялық форумына қатысу үшін келді.

Ақтөбеге келген қонақтар бұл күні экологиялық таза өнім өндірумен айналысатын өӊірдегі кәсіпорындардыӊ өндірісімен танысты. Атап айтқанда "Молочные истории" ЖШС ет комбинаты, шошқа етін өндіретін кешен "Парижская Коммуна ХХI" ЖШС, ет консервілерін шығаратын "СПК Айбек" ЖШС және көкөніс өсіретін жылыжай кешені "IzetGreenhouse" ЖШС барды.

Бұдан өзге олар мұнай өнеркәсіпті жабдықтарын өндіретін Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты АҚ, "Үй құрылыс комбинаты" ЖШС, "Каспий Плюс" ЖШС зауыты, сондай-ақ, Ақтөбеніӊ индустриалды аймағы секілді заманауи өндірістік кәсіпорындарды қарап шықты.

Ақтөбеде өткен форумға барлығы 500 астам қонақ шақырылды. Олардыӊ қатарында ҚР Үкіметініӊ және квазимемлекеттік сектордыӊ өкілдері, Францияныӊ, Иран Ислам Республикасыныӊ, Кувейт мемлекетініӊ Қазақстандағы өкілетті елшілері, сонымен қатар Ресей, Қытай, Түркия, Польша, Словакия, Голландия және өзге де елдердіӊ өкілдері бар.

Өӊір басшысы Иран Республикасыныӊ Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилумен кездесті. Ақтөбелік тарап ирандықтарға геология, түсті және қара металлургия саласын дамытуды ұсынды.

Сонымен қатар, өткен жылы бидай, арпа сатып алып, сапасына жоғары баға берген шетелдіктерге биыл мол шыққан астықты тасымалдау жоспарда бар. Тіпті, ірі қара мен қой жеткізуге Ақтөбеніӊ мүмкіндігі жетеді.

Қазіргі кезде 1 миллион 200 мыӊ гектар жерді ауыл шаруашылығына пайдалануға болады. Ирандық кәсіпкерлер бидай, көкөніс, арпа, сұлы егеміз десе, жер беріп, инфрақұрылымды қамтамасыз етуге дайынбыз. Ирі газ, су, жарық бағасы өӊірде арзан. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жобаны алғашқы күннен бастап қолдап, нақты іске қосылғанға дейін көмек бере алады.

Екіжақты кездесу кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құс фабрикасын, жылыжай салып, ірі қара мен қой сатып аламын деген ирандық кәсіпкерлердіӊ қашан іске кірісетінін сұрады. Ақтөбе білім, медицина, мәдениет саласында да бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін еске салды.

Ал француздар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақ үй бизнесі, туризм саласына қаржы беруге дайын. Бірақ, алдымен облыстыӊ қажеттіліктерін біліп алу керек екен.

Ертеӊ Ақтөбеде Францияныӊ атақты брендімен қонақ үй ашылады. Бұдан басқа, біз жолдағы қауіпсіздікті қамтасыз ету, яғни, радарлар орнату, жалпы қаланыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірнеше жобаны қолға алуды ойластырып отырмыз. Сондай-ақ, білім беру және кадрлардыӊ біліктілігін арттыру жөнінде жобалар бар.

Айта кетейік, өткен жылы Ақтөбе облысы мен Франция арасындағы тауар айналымы 13,1 миллион доллар болған екен. Ақтөбеліктер Францияға минералды, химиялық өнеркәсіп өнімдерін жөнелтсе, ол елден бізге дәрі-дәрмек, құбырлар әкелінген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны