14.07.2014, 20:17 3549

Ақтөбе облысының Бозой кентінде ХҚКО бөлімі ашылды

Бұрын Бозой кентінің тұрғындары қажетті анықтамаларды алу үшін мобильдік ХҚКО қызметтерін пайдаланған немесе олардан 250 км қашықтықта орналасқан Шалқар ауданына баратын, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Ақтөбе облысы Бозой кентінің тұрғындары мобильдік ХҚКО келуін күтпестен және кенттен шықпастан барлық құжаттарды ("Паспорттарды және жеке куәлікті беру" және "Тұрғылықты жері бойынша тіркеу" қызметтерін қоспағанда) почта байланысының ауылдық бөлімшесінде ресімдеу мүмкіндігіне ие болды.

Бұрын Бозой кентінің тұрғындары қажетті анықтамаларды алу үшін мобильдік ХҚКО қызметтерін пайдаланған немесе олардан 250 км қашықтықта орналасқан Шалқар ауданына баратын, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Кент тұрғындарына ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің толық спектрін көрсету үшін (құжаттандыру қызметтерін қоспағанда) ПБАБ -на ХҚКО ЫАЖ бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілді, интернет желісі қосылған, ҚҚП (қоғамдық қолжетімділік пункті) орнатылған, сондай-ақ "Қазпочта" мамандарын оқыту жүргізілген.

"Бұл Ақтөбе облысының Қазпочта ғимаратында орналасқан екінші Халыққа қызмет көрсету орталығы. Почта байланысының ауылдық бөлімшесінде бірінші ХҚКО өткен жылғы қыркүйекте бастау алған почта байланысының ауылдық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба аясында ағымдағы жылғы қаңтар айында Ийтеке би ауданының Қарабұтақ кентінде ашылған. Ол мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтары қарастырылмаған шалғай елді мекендерінің тұрғындары үшін арнайы ашылды. Қазіргі таңда, Қазақстанның барлық облыстарында осындай 39 бөлімше жұмыс істеуде", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны